Италияның оңтүстігінде Казерта провинциясында жол-көлік оқиғасы болды.
Оқиға бейсенбі күні кешкісін болған. Апат салдарынан төрт адам мерт болып, біреуі ауыр жарақат алған, деп хабарлайды RaiNews24 телеарнасы. Жол-көлік оқиғасы жергілікті полиция көліктің ізінен қуып бара жатқанда болған.
Салонында бес адам болған Skoda көлігі полиция патрулінің талабы бойынша тоқтаудан бас тартып, қатты жылдамдықпен қашып кетпек болады. Алайда, Skoda тасжолдың жиегінен шығып кетіп, аударылған. Бұған дейін, Полиция академиясындағы жарылыстан 8 адам қаза тапқан болатын.