Болгарлық көріпкел Ванганың 2019 жылға болжамы әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр.

 

Бір қызығы, әлемдік сарапшылардың Ресейге қатысты пікірлеріне Ванганың көріпкелдігі мүлдем сәйкес келмейді. Сарапшылар Ресейді құлдырайды деп болжаса, Ванга, керісінше, оның планетадағы ең құдіретті, алып державаға айналатынын айтыпты. Әрі мемлекет жолдан тайғандар үшін рухани кемеге айналады екен-мыс. Ал «адасқандар» деп Ванга Еуропалық одақты айтыпты.

Жалпы Ванга 2019 жылды сәтсіздікке душар ететін жыл деп атады.

Желіде талқыланған басты болжамдар төмендегідей:

-Онсыз да тозуға аз қалған Жердің хәлі одан сайын нашарлап, тіршілік иесі қырыла бастайды.

Қарттық жайлы бүй депті:

-Адамдар қартаймайтын күнге жетеді.


Азияның жойылатыны, Ресейге құлайтын метеорит жайлы да сөйледі. Ал Ванганың «Ресей мен АҚШ-тың ара-қатынасы нашарлайды» деген болжамы айдай келді. 


qamshy.kz