АҚШ-тың Пенсакола қаласының тұрғыны жігітін өзге әйелмен ұстап алған.

Мұнан кейін әйел оның үйін өртеп жіберіпті. 47 жастағы Титу Мур 7 қарашада бірінші дәрежедегі өрт үшін тұтқындалды. Ол Эскамбиа округінің түрмесіне қамалды.

Ендігі әйел 25 мың доллар (9 млн теңгеден аса) кепіл төлеп қана қамаудан шыға алады. Өрт сөндірушілер таңертең сағат 9-дың шамасында Мурды өртеніп жатқан үйдің жанынан көрген. Ол сол үйде тұрғанын, алайда бір апта бұрын жігітінің көзіне шөп салып жүргенін біліп, көшіп кетуге мәжбүр болғанын айтыпты.  Жергілікті тұрғындардың сөзінше, Мур төрт көршісінен бензин сұрап алған. Мұнан кейін қоршаудан секіріп өтіп, жігітінің үйінің ауласына кіріп, терезені сындырмақ болған. Артынша ол бос бөтелкені қоқыс жәшігіне лақтырып, қашып кетіпті. Хаттамаға сәйкес, куәгерлер үйдің өртеніп жатқанын байқап, өрт сөндірушілерді шақырған. Тергеушілер анықтағандай, терезенің жанында тұрған диван бірінші болып өртенген екен.

  

Дереккөз: Stan.kz/