Ғалымдар 38 жыл бойы зерттеу жүргізген. Барлығы 117 мың адам қатысыпты. Олар әр екі жыл сайын денсаулығына байланысты сауалнама толтырған.
Америкалық ғалымдар адамның туған айы мен жүрек ауруларының байланысын анықтады. Зерттеу нәтижесі The BMJ сайтында жарияланған.
Ғалымдар зерттеу жүргізуге 38 жыл жұмсаған. 30-55 жас аралығындағы 117 мың адамның денсаулығы тексерілді. Әр екі жыл сайын қатысушылар денсаулығы мен өмір салтына қатысты сауалнаманы толтырды.
38 жылда зерттеуге қатысқан 43 мың адам көз жұмған. Оның 8 360-ы жүрек-қантамыр аурулары салдарынан өмірден озған.
Ғалымдар көктемде және жазда дүниеге келген адамдарда жүрек сырқатынан көз жұму қаупі жоғары екенін анықтады. Күзде туғандарда сирек кездесуі мүмкін. Бұған рацион мен ауаның ластануы әсер етеді. Сондай-ақ, анасының аяғы ауыр болған кезде және баланың кішкентай кезінде болған күн жарығының мөлшеріне де байланысты болуы мүмкін. Алайда мамандардың айтуынша, мұның себептері әлі зерттеуді қажет етеді.
Sputnik Қазақстан