Францияда Страсбург полициясы қаланың батыс аудандарындағы Жаңа жыл түні жаппай көлік өртенген оқиғаға күдікті 40 адамды ұстады.
 
Алдын ала мәліметтерге қарағанда, 220 автомобиль күлге айналған. «Бізде көп жылдан бері мұндай оқиға болмаған. Мен ешқашанда мұндайды көрген жоқпын.
 
Тұрғындар әдетте машиналарын үйлерінітерезелері маңына қояды. Страсбургтің барлық тұрғын үй орамдарында да осындай. Бірақ ешкім тиіспеуші еді», - деп мойындады Страсбург мэрінің қауіпсіздік жөніндегі орынбасары Робер Эрман.
 
Әлеуметтік желіні қолданушылар түнгі қасақана өрт қою оқиғаларының кадрларын, көше ортасында жанып жатқан не аударылған автомобильдердің көріністерін жариялап жатыр. Таң атқанға дейін жалғасқан тәртіпсіздікті басу кезінде бірнеше құқық қорғау органдарының қызметкерлері жараланған. Мұндай келеңсіз жағдай Мюлуз, Мютциг, Оберне, Барре және Селеста қалаларында да орын алды.

.ktk.kz