Тергеу берген ақпарат бойынша дүйсенбі күні 34 жастағы ер адам көпқабатты үйдің кіреберісінде танысын күтіп алып, арқасына пышақ сұққан
Ресейдің Новосибирск қаласында 33 жастағы аяғы ауыр келіншекті үйінің кіреберісінде өлтіріп кетті. Күдікті әйелмен таныс болған, деп хабарлайды РИА Новости.
Ресейдің ішкі істер министрлігінің облыстық басқармасының мәліметіне сәйкес, оқиға туралы полицияға дүйсенбі күні хабар түскен. Зардап шеккен әйел ауруханаға жеткізілді. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
"Қылмыс жасаған соң күдікті Новосибирск облысының аумағынан шығып кеткен. Ол көлікті онлайн-сервис арқылы тапқан. Қазіргі уақытта ер адам Новосибирск қаласына жеткізілді", - делінген хабарламада.
Тергеу берген ақпарат бойынша дүйсенбі күні 34 жастағы ер адам көпқабатты үйдің кіреберісінде танысын күтіп тұрған. Әйел үйіне келген кезде арқасына пышақ сұққан.
Бұдан соң Омбы қаласына барып, қонақүйлердің бірінде жасырынды.
Оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Ер адамның кінәсі дәлелденсе, сегіз жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Дереккөз : Sputnik