Қытай таяу екі жылда коронавирустан зардап шеккен елдерге екі миллиард доллар көлемінде көмек көрсетеді.

Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ассамблеясының 73-ші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде президент Си Цзиньпин мәлімдеді. "COVID-19-ға қарсы халықаралық ынтымақтастықты ынталандыру мақсатында Қытай коронавирусқа қарсы күресте және зардап шеккен елдерде, әсіресе дамушы елдерде әлеуметтік-экономикалық дамуға көмек көрсету үшін келесі екі жылда екі миллиард доллар береді", - деп мәлімдеді Қытай көшбасшысы.
 
Сонымен қатар, Си Цзиньпиннің айтуынша, Пекин БҰҰ-мен ынтымақтастықта Қытай аумағында эпидемияға қарсы құралдарды жеткізу тізбегінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін жаһандық гуманитарлық қойма мен хаб құрады.
 
Бұл тауарлар жасыл дәліз бойынша кедендік бақылаудан өтеді. "Ұзақ мерзімде әзірленген қытайлық коронавирусқа қарсы вакциналар пайдалануға берілгеннен кейін бүкіл әлемде қол жетімді болады және дамушы елдерде вакцинацияның қол жетімділігін қамтамасыз етуге Қытай лайықты үлесін қосады", - деді Си Цзиньпин. ДДСҰ-ның соңғы мәліметтері бойынша, әлемде коронавирус жұқтырудың 4,5 миллионнан астам жағдайы анықталды, 310 мыңнан астам адам көз жұмған.
 
Дереккөз: Stan.kz