Таиландта қауіпті вирус таралды. Паттайяда (Тайланд) чикунгуня вирусынан туындаған аурудың деңгейі күрт өсті.
Инфекцияны масалар таратқан. Инфекцияланған адамдарда дене қызуы, әлсіздік және буындардың ауруы байқалады.
Жергілікті әкім Сонтая Хунплюем медициналық қызметкерлерге жағдайды бақылауға алуды бұйырды. Билік сонымен бірге масалармен күрес жөніндегі ұйымдарға көмек сұрап, тұралап қалған су объектілері – қонақүйлер мен кәсіпорындағы субұрқақтарды азайтуды сұрады.
Жергілікті тұрғындарға чикунгуня безгегі туралы және одан қалай сақтану керектігі туралы ақпарат берілді. Оларға масалардың өсуіне қолайлы жағдайлар бар су көздеріне жақындамауға кеңес берілді.
Ақпарат дереккөзі: massaget.kz