Жаңа жыл түнінде Өзбекстан су шаруашылығы министрінің орынбасары Вохиджон Ахмаджоновтың Chevrolet Gentra маркалы көлігі Камчик асуындағы жардан құлап кеткен.



Көліктегі оның әйелі мен үш жастағы қызы қайтыс болған. Вице-министрдің өзі ауруханаға түскен. Отбасы Ферғанаға, ата-анасымен бірге Жаңа жылды қарсы алуға жолға шыққан екен. Бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған.

Дереккөз: centralasian.org