Смарт-сағаттар коронавирус инфекциясы туралы симптомдар басталғанға дейін жеті күн бұрын хабарлауы мүмкін. Мұндай мәлімдемені америкалық ғалымдар жасады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Зерттеушілер өткен жылғы 29 сәуір мен 29 қыркүйек аралығында бақылаулар жүргізді - Нью-Йорктегі Маунт-Синай емханасының 300 қызметкері COVID-19 диагнозын ерте қою үшін үш түрлі компанияның смарт-сағатын қолданды.
Гаджеттердің көмегімен жүрек соғуының өзгергіштігі, яғни екі жүрек циклінің басталуы арасындағы интервалдардың өзгеруі зерттелді. Бұл көрсеткіш иммундық жүйенің жұмысын бағалауға мүмкіндік береді.
Жүрек соғу жиілігінің төмен өзгергіштігі - коронавирус инфекциясының белгілерінің бірі. Жоғары, өз кезегінде, жүйке жүйесінің белсенділігі мен стрессті жеңе білу туралы сигнал береді.
Ғалымдардың пікірінше, бұл коронавирусты негізгі белгілер - қызба мен жөтел пайда болғанға дейін анықтауға көмектесетін смарт-сағаттар.
Зерттеушілердің сөзінше, инфекцияны симптомсыз тасымалдаушылардан жұқтыру қаупі жоғары болғандықтан, "ақылды" сағаттар импульстің жоғарылауын және типтік емес өзгергіштіктің пайда болуын тіркей алады.
Стэнфорд университетіндегі тағы бір зерттеу нәтижесі бойынша жұқтырғандардың 81%-ында коронавирус тест нәтижесінен шамамен тоғыз күн бұрын жүрек соғу жылдамдығы өзгергені анықталды. Бұл тәжірибеде қатысушылар смарт-сағаттар мен трекерлерді тақты. Жүрек соғу жиілігінің өте жоғары болуы одан әрі симптомдардың пайда болатыннын көрсетті.
Айта кетейік, бұған дейін зерттеу аясында мобильді қосымшаның көмегімен әлемнің түкпір-түкпірінен төрт миллионнан астам қатысушының деректері талданған. Нәтижелер көрсеткендей, COVID-19 тұрақты емес немесе жоғары жүрек соғу жылдамдығын тудыруы мүмкін (минутына 100-ден астам соққы).