ХХI ғасырдың екінші жартысында Африка құрлығы мен Таяу Шығыс жер бетіндегі «тандыр» аймаққа айналады. Дәлірегі, ауа температурасы 60 °C-қа дейін көтерілуі мүмкін.
Бұл жайында islam.kz порталы бұл бағытта арнайы жүргізілген зерттеу нәтижесі жарияланған Climate and Atmospheric Science мерзімді басылымы мен осы турасында хабар таратқан nature.com ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді.
Кипр институтының климат пен атмосфераны зерттейтін халықаралық орталығының (CARE-C) және Макс Планк химия институтының ғалымдары мұндай аптап ыстық Африканың солтүстігі мен Таяу Шығыс - MENA — Middle East and North Africa Region аймағының тұрғындары үшін ауыр зардаптарға ұрындырады.
Аталмыш аймақта ауа температурасы 56 °C, ал қалалық жерлерде одан да жоғары болады. Бұл аптап ыстық бірнеше аптаға созылатын болады. Тіпті, төрт түліктің ішіндегі шөлге шыдамды түйенің өзі төтеп бере алмайтын төтенше жағдай орын алады.
Осы ғасырдың екінші жартысында мұндай аптап ыстыққа шамамен 600 млн адам ұдайы ұшырап, олардың денсаулығына кері әсерін тигізетін болады, бұдан бөлек, жергілікті биологиялық әралуандылық пен ауыл шаруашылығы орасан зор мқлшерде зардап шекпек. Ғалымдар бұл болжамды қандай деректерге немесе гипотезаға сүйеніп жасады? Ғалымдар MENA-ның географиялық саласы үшін арнайы әзірленген көп моделді климаттық проекцияларды пайдаланып, келешектегі аптап ыстықты жылу толқынының магнитуда индексінің көмегімен сипаттап беріп отыр.
Бұған жаһандық жылыну салдарынан пайда болған климат өзгерісі «кінәлі». Массачусет технологиялық институтының ғалымдары енді бір 80 жылдан соң қасиетті Мекке өңірінде климаттың қалай өзгеретінін зерттеп көрген екен. Бұл жайында islam.kz ақпарат көзі мәлім етеді.
Аталмыш зерттеу нәтижесінен белгілі болғандай, ғасыр соңына таман киелі шаһарда аптап ыстықтан бөлек ылғалды болатындықтан мұндай кезде қажылық парызды өтеу денсаулыққа қатерлі болмақ. Қажылық жаз мезгіліне тура келсе, орташа ауа температурасы 2020 жылы 73%-ға, 2045-2043 жылдар аралығында 88%-ға, 2079—2086 жылдары 100%-ға көтеріледі.
Осыған орай Islamic Relief UK мұсылмандардың қайырымдылық ұйымы исі мұсылманды жаһандық жылынуға қарсы күреске атсалысуға үндеді. Ол үшін парникті газдың бөлінуін азайту арқылы атсалыса алады. Автокөлігі барлары.