Халықаралық ғарыш стансасында (ХҒС) жұмыс істейтін ресейлік ғарышкерлер Қазақстан Республикасы күніне орай видеоқұттықтау жолдады.
ХҒС-тағы ұзақмерзімді 68-ші экспедиция экипажы Сергей Пропопьев, Анна Кикина және Дмитрий Петелин Қазақстанның ғарыштан қаншалықты әдемі екенін, ғарышкерлерді жылы қарсы алатын қазақ жерінің қонақжайлылығын, Ресей мен Қазақстанның ғарыштағы ынтымақтастығын атап өтіп, бауырлас елге одан әрі өркендеу тіледі.
ХҒС-68 экипажы Байқоңыр ғарыш айлағынан 2022 жылдың 21 қыркүйегінде ұшырылған болатын және орбитада алты айдан астам жұмыс істейді. Бүгін Байқоңыр қаласында Республика күніне орай үлкен мерекелік концерт өтеді.
Дереккөз: ҚазАқпарат