Джамби провинциясында (Индонезия) ұзындығы 7 метр болатын алып питон 54 жастағы жергілікті тұрғынды жұтып қойды.
Mirror басылымының хабарлауынша, әйел жұмыстан кейін үйіне оралмаған соң отбасы полицияға хабарласқан.
Тәртіп сақшыларының айтуынша, екі күннен кейін сол маңайдан әйелдің аяқкиімі, күртешесі мен пышақ табылған. Кейін іздестіру тобы қарны томпиған алып питонды тапты. Полицейлер алып жыланды өлтіріп, ішін кескен кезде марқұмның денесі сол жерден табылған. Жылан шабуылдаған кезде әйел плантацияда көксағыз (каучук) жинап жүрген.
Дереккөз: Zakon.kz