Сеулде білім алып жүріп, мереке күні көз жұмған Мәдина Шерниязованың денесі ертең Ақтөбеге жеткізілуі мүмкін.
Қазіргі кезде ҚР Сыртқы істер министрлігі отбасымен хабарласып, көмек көрсетуге уәде еткен. Кореяның Сеул қаласында болған қайғылы жағдай кезінде ақтөбелік студент Мәдина Шерниязова көз жұмды.
ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі қазақстандық дипломаттар қаза тапқан азаматтың туыстарымен байланыста, құжат ресімдеуге және мәйітті Қазақстанға жеткізуге барлық қажетті көмек көрсетілетінін айтып, ақпарат таратты. Отбасының хабарлауынша, денесі алдымен Алматыға жеткізіледі.
Кейін туған жері Ақтөбеге әкелінеді. Шамамен ертең кешкілік тасымалдануы мүмкін. Айта кетейік, Мәдина Шерниязова Ақтөбе қаласындағы №27 орта мектепте оқыған. 2013 жылы бітіріп, оқуға түскен.