Жаңа Зеландияның Окленд қаласында үш күн жауған нөсер жауын тасқынға ұласып, соның салдарынан мерт болғандар саны төрт адамға жетті.
Бұған дейін үш адамның қаза тапқаны белгілі болған, төртіншісі Оневеро ауылына жақын маңнан табылды. Оның денесін ағын су алып кеткен.
Полиция мәліметінше, төртінші адам – ер азамат, оны дронның көмегімен соңғы рет көрген жерден төменге қарай 1 шақырым қашықтықтан тапқан.
Жаңа Зеландияда үшінші тәулік қатарынан нөсер жауын тоқтамай жатыр, Окленд, Короманделя, Изобилия айлағы зардап шекті.
27 қаңтарда Окленд билігі төтенше жағдай жариялады. Таурангада үй құлап, тұрғындары эвакуацияланды. Те Пуке маңында тауар тиелген пойыз рельстен шығып кеткен, Вайкато ауданы мен Изобилия айлағында бірнеше жол жабылды.
Жалпы, Оклендте су тасқыны салдарынан 45 жол жабылған. 2 мыңнан аса қала тұрғыны көмекке жүгінген, 70 адам эвакуацияланды.
Жергілікті ауа райын болжау станциялары Оклендтегі күн райы сейсенбі, 31 қаңтарға дейін нашарлай беретінін ескертті.
Тоқтаусыз жауын жауып, жаңа тасқындар болуы мүмкін. «Климаттың өзгеруі жауын-шашынның жиілеуіне және олардың қатты жаууына әсер етті. Дегенмен, олардың әсері әр аймақта әртүрлі», - деп мәлімдеді Жаңа Зеландияның Климат өзгеруі бойынша министрі Джеймс Шоу.
Дереккөз:ҚазАқпарат