Әуе айлағы перронына қақпа арқылы қаруланған адам кіріп кетуіне байланысты Гамбург әуежайынан ұшақтардың ұшуы және қонуы уақытша тоқтатылды. Әуежайға полицейлер жиналды,- деп el24.kz тілшісі  ҚазАқпарат Халықаралық ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.


Кеше, яғни 4 қарашада кешке «полиция іс-шараларына байланысты» әуе тасымалы толығымен тоқтатылды", - деп хабарлады әуе айлағының ресми арнасы Х әлеуметтік желісінде. 

Басылымға федералдық полиция баспасөз хатшысы Томас Герберттің хабарлауынша, жеке автокөлігіне мінген жүргізуші қақпадан кіріп кетіп, әуежайдың перронына шыққан. Ол қаруымен екі рет әуеге оқ атып үлгерді.

Баспасөз хатшысы ер адамның әйелі бұған дейін өңір полициясына жүгініп, балаларды ұрлап кетуі мүмкін деп арызданғанын айтты. 

Оқиға орнына Гамбург полиция күштері жіберілді. Олар тәртіп бұзушының автокөлігіне жақын маңда тұр. Жүргізушімен байланыс орнатылды. 

"Қазіргі уақытта құқық қорғаушылар «тұтқындар болуы мүмкін» деп болжап отыр", - делінген Гамбург полициясының Х әлеуметтік желісіндегі хабарламасында. Нақтыланған деректер бойынша, көлік салонында жүргізушіден бөлек кемінде бір бала бар. Құқық қорғаушылар, ер адамның мұндай әрекетіне балаларды қамқорлыққа алу дауы себеп болуы мүмкін дейді.