el24.kz 2026 жылғы 4 шілдеде Жер бетінде G3.33 деңгейіндегі күшті магниттік дауыл тіркелді. Мамандардың мәліметінше, бұл – 2026 жылдың басынан бергі екінші ең күшті геомагниттік құбылыс.
Ресейдің Күн астрономиясы зертханасының ғалымдары магниттік дауылдың күтілген уақыттан бір тәулікке кеш басталғанын хабарлады. Олардың түсіндіруінше, Күннен шыққан плазма ағындары Жерге бір күн бұрын жеткенімен, планетаның магнит өрісі белгілі бір уақыт бойы оның әсеріне төтеп берген.
Ғалымдардың айтуынша, жағдай түн ортасында өзгерген. Осы кезде Күн желінің жылдамдығы күрт артып, планетааралық магнит өрісінің бағыты өзгерген. Соның салдарынан геомагниттік дауыл күшейіп, бастапқы G3 деңгейінен G3.33 деңгейіне дейін жеткен.
Зертхана мамандарының мәліметінше, бұл – 2026 жылғы екінші ең күшті магниттік дауыл. Жыл басындағы ең ірі геомагниттік құбылыс 19–21 қаңтар аралығында тіркеліп, оның қуаты G4.67 деңгейіне жеткен болатын.
Мамандар мұндай кезеңдерде геомагниттік жағдайға тәуелді адамдардың денсаулығында уақытша өзгерістер байқалуы мүмкін екенін айтады. Сондай-ақ күшті магниттік дауылдар спутниктік байланыс, радиобайланыс және навигациялық жүйелердің жұмысына әсер етуі ықтимал.
