Қазақстан Республикасының Қазандағы бас консулдығы Ресейдің Свердлов облысы бойынша ІІМ басқармасына жазбаша сауал жолдады

Екатеринбург полицейлері қызметтік көлікте әйел зорлады деген күдікке ілінді. Олар ұсталған, деп хабарлады Ресейдің тергеу комитетінің өңірлік басқармасы.

Юта штатының (АҚШ) 25 жастағы тұрғыны Каден Лага бес күн бойы орманда қалып, тамақ пен сусыз өткізгеннен кейін құтқарылды.

Жас жігіт өмірмен қоштасып үлгерді. Каден Лага Айдахо мен Монтана шекарасындағы орманға отбасылық демалыс кезінде жоғалып кетті. Жылқылардың бірі ақсақ болғандықтан, оны көтере алмады. Сондықтан серіктері атқа мініп бара жатқанда, ол өз еркімен жаяу жүре берді. 

Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяхудың әйелі Сара Нетаньяху Киевте сыйлы қонақтарды қарсы алу салтанатында оғаш әрекет көрсетті.

Ұшақ трапында отбасын украиналық ұлттық киім киген қыздар қарсы алып, қонақтарға нан мен тұздан ауыз тиюді ұсынды. Нетаньяху нанның бір бөлігін үзіп, тұзға батырып ауыз тиеді. Содан кейін әйеліне ұсынады. Алайда, премьердің жұбайы нанға қарап, оны жерге лақтыра салады.

 
17 тамыз сенбі күні Ауғанстан астанасында болған үйлену тойында жарылыс болды.


Жарылыс кезінде той өтіп жатқан ғимаратта ондаған адам болған. Көргендердің сөздеріне қарағанда, оқиға болған жерде қанға бөккен ондаған адамның денесі жатқан.

Сомалиде содырлар отельге шабуыл жасап, 10 адам қаза тапты.

Бұған қоса, ондаған адам түрлі жарақат алып, ауруханаға түскен. Лаңкестер мен қауіпсіздік қызметі өкілдерінің арасындағы атыс жалғасуда. Associated Press мәліметінше, Сомалиде қаруланған содырлар тобы Кисмайо қаласындағы отельге шабуыл жасаған.