Наталья Рудова ,Ресейдегі ең сексуальді, 100- әйелдің рейтингі бойынша бірінші қатарында тұр.Одан соң екінші орында Вера Брежнева,үшінші орында Регина Тодоренко.
Актриса,Наталья Рудова 2- шілдеде 1983- жылы Өзбекстандағы,Пахтокор қаласында дүниеге келген.Ол «Татьянин день», «Условия контракта», «Универ» сияқты сериалдарда басты рольді сомдаған.Жанұясы Ақтауға көшіп келіп, бір неше жыл сонда өмір сүрген.
Ол кезде Ақтау,Шевченко қаласы болып аталатын.Ата –анасы ажырасып кеткен соң,анасы Валентина Павловнамен 1995-жылы Россияға,Иваново қаласына қоныс аударады.Театр және кино актрисасы Наталья Рудова, Ақтауда өмір сүрген 12- жылы жайлы өте ыстық сезіммен еске алады.Ол өмірінің ең керемет сәттерін Ақтауда өтті деп есептейді.