Жақында ғана «Қозы –Көрпеш Баян сұлу»телехикаясы экранда жарық көріп,қызу талқыға түсті.Тарихи тақырыпты арқау еткен бұл фильм экранға жол тартқанан, көпшілік сынап тастады.
«Қазақи иіс жоқ,тарихи фильмді Баянға тапсыру үлкен қателік »деп жазған болатын танымал журналист Бибігүл Дәулетбекқызы.Ал фильмге бөлінген қаражатты қайтарсын деп әнші,актриса Меурерт Түсіпбаева мен қоғам белсенділері талап еткен болатын.
«Мен кино сынына қатысты толық қанық емеспін. Өйткені ол кезде Тайландта жүргем.
Ал ақпараттың өмірі үш күн ғой. Үш күн жүреді де бәрі ұмтылады… »дейді Баян Мақсатқызы Gakku FM радиосына берген сұқбатында.
Өзінің жауапты адам екенін айта келіп,Меруеттің парақшасын ашып қарамаймын,жазылған да емеспін.Поштама келген мақалаларды қарап оқып шықтым.Оны маған жанашыр адамдар жіберді.Сосын бәрін сараптап жауап бердім –деді.
Бұл еңбегім мақтануға тұрарлық.Біз қолымыздан келгеннің бәрін жасадық.Өзімнің де қаражатымды қостым.Өйткені оны біткеріп беру керек болды.
Мен «ет тартқышқа» түсіп кеттім.Біреулерге сол керек болды.Құрбандыққа шалындым.Мұның артында біреулер тұрғанын жақсы түсіндім.Сондықтан да ақылды адам ретінде сабыр сақтадым.Әліптің ақырын күттім - дейді Баян Алагөзова сұхбатта.