Ел көзінен тасада қалған әнші Гаухар Әлімбекова өзінің тұрмысқа шыққанын, күз айында тойы болатынын мәлімдеді. Бұл жайында «Сұхбат» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

 

«Жолдасымды сәті келгенде елге көрсетемін. Менің мінезім ауыр. Жұбайымның мінезі менен өткен ауыр. Елдің оны көргені маңызды емес, өзім көріп жүрсем болды. Тойды күз айына белгілеп отырмыз. Ол кісіні бір көргеннен ұнаттым. Бір көргеннен ұнату дегенге сенбеген едім, бұрындары», - деді әнші.

 

«Ол қарапайым, қазақтың азаматы. Ел айтып жүргендей билік басындағы азамат емес. Бұйырған кетпейді дейді ғой. Осы кісі маңдайыма бұйырып тұр ғой», - деді ол.

 

Сондай-ақ әншінің жаңа стильге ауысуына күйеуі себепші болыпты.

 

«Шашыңды қысқартып көрші» деп айтқан болатын. Ол кісінің айтқаны заң деп имиджімді өзгерттім», - деді өз сөзінде әнші