Мәдина Сәдуақасова мен әнші Ұшқын Жамалбек Моңғолияның Ұлан-Батыр, Баян-Өлгей, Қобда өңірлерінде “Арман елім-ай” концертін берді. Әншінің өнеріне тәнті болған жұртшылық оған ұлттық киімдерін кигізді, деп хабарлайды Stan.kz.
Әнші Мәдина Сәдуақасова Ұлан-Батырда өткізген ән кешінде жұртшылықтың қошеметіне бөленіп, моңғол халқының ұлттық киімін сыйға алды. Сонымен қатар әнші сахна төрінде тәй-тәй басқан бүлдіршіннің тұсауын кесті.
«Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған концерт болған соң, қазақтың салт-дәстүрі тұсаукесерді де сахнада кішкентай Айзереге жасап жібердік. Ал кейін моңғол елінің азаматтары моңғол ұлттық киімін
(шапан)кигізді», – деп жазды әншінің өзі желідегі парақшасында.
Өз кезегінде желі қолданушылары әншінің өнері мен сұлулығына тәнті болып, жағымды пікірлер қалдырды. Кейбірі Моңғолиядағы қандастарымыздың ұлттық киімдері әдемі екенін де айтып жатты.