Ресейлік биші Анастасия Волочкова қазақстандық режиссер әрі ақын Хаким Булибековқа ғашық болып қалғанын мойындады.
Бұл туралы Stan.kz хабарлады.
Айта кетейік, олар Таиландта бірге демалған еді.
Ресей жұлдызы Instagram парақшасында 65 жастағы Хаким Булибековпен Пхукеттегі Натай жағалауында түскен суретін жариялап, ғашықтығын мойындады.
“Менің қымбаттыларым… Пхукет ғажайыптар мен махаббатқа толы болды. Мен қазақ ақыны Хаким Булибековке ғашық болып қалдым. Ол мені өзінің поэзиясы мен мол позитивімен басымды айналдырып алды. Не істейін? Мен тойымыздың Парижде болғанын қалап едім. Енді, Пхукетте неге өткізбеске деп ойланып қалдым?”, – деп жазды ол.