Еуропалық дизайнерлер шымкенттіктерге жаңа киім үлгілерін көрсетеміз деп жұртты шалқасынан түсірді. Әсіресе, жұқалығынан іш киімі көрінетін жаңа сән топтамалары оңтүстік аруларды ұялтып тастады.
Десе де, сүйсіндіргендері де жоқ емес. Атышулы сән апталығында әйгілі олигарх Тоқтар Төлешовтың тоқалы да өз үлгілерін көрсетті. Алматы мен Астана секілді емес, эпатажға үйренбеген Шымкенттегі ең шулы сән апталығы қалай өтті?
Бұл туралы Ктк хабарлады.
Сән апталығына келген жұртты шетелдік дизайнерлерден гөрі, сотталған олигарх Тоқтар Төлешовтың тоқалының не тіккені көбірек қызықтырғандай.
Десе де, күйеуінің арқасында аяқасты танымал тігіншіге айналған Дина Нұрәлиева бұған аса мән бермеуге тырысып бақты.
Көпшілік ортасында өзін емін-еркін ұстады. Керісінше, еуропалық дизайнерлердің киімін тамашалаған шымкенттіктердің өздері ыңғайсыз жағдайға қалды. Әсіресе, жұқалығынан ішіндегі іш киімі көрінетін коллекциялар оңтүстік тұрғындарын шалқасынан бір-ақ түсірді.
Айдархан Қалиев, Сән апталығының ұйымдастырушысы:
— Бұл тренд. Қазақстан тұрғындарына арналған арнайы коллекциялар. Бұл киімдер 2018-2019-шы жылдардың қысы мен күзіне арналған. Шымкенттік тұрғындарға да ұнайда деп үміттенем. Расында, подиумға шыққан киімдердің барлығы Шымкенттің қысы мен күзіне арналғандай.
Жұқа әрі жеңіл. Десе де, көпшіліктің түсінбеушілігін тудырған жаңа топтамалардың арасында сүйсініп қарайтыны да жоқ емес. Ол өзіміздің отандық дизайнерлер ұсынған ұлттық нақыштағы киімдер. Соған қарағанда, қазақтың оюы жақын күндері әлемдік подиумдарда ойып тұрып орын алайын деп тұр. Өйткені, подиумға шыққан сол еді шетелдік сәнқойлардың сілекейі шұбырды. Сондай-ақ, биыл құр жемпір мен етік киіп жүру де сәнге айналды.
Мерей Айымбетова, модель:
— Бұл етік маған өте ұнап тұр. Бірақ көшеге киіп шыға алмайтын шығармын бұлай. Өйткені, бізде мұндайға басқаша қарайды ғой. Ал шетелде болсам, күнде шешпей киер едім.
Сондай-ақ, қыздарға таяқ ұстап жүру де сәнді саналмақ. Дизайнерлердің мұнымен нені меңзегісі келгені белгісіз. Соған қарағанда, шымкенттік келіндер бұрыннан трендте сияқты.
Оқтауға ұқсас бұйымды көйлекпен де, шалбармен де үйлестіре беруге болады екен. Гүлді шұлықтар да биыл сәнде. Елде жоқ киімдерді көрсететін сән аптылығы әлі үш күн жалғаспақ.
Ал ендеше…
«Төлешовтің тоқалдарының арасындағы ең танымалы — Дина Нұралиева.
Ол «Қазақстан аруы — 2005» атағына ие болған.
Бойжеткен бүгінде дизайнерлік қырынан да танылып жүр. Шымкенттік ару 2009 жылғы «Әлем аруы» байқауында топ-16 арудың тізіміне кірген. Бойы — 175 см, дене бітімі — 85-60-89.
Қазіргі күні Дина — «Шымкент аруы» байқауын ұйымдастыратын сән агенттігінің директоры» деп жазады nur.kz тілшісі.