Тамара Асар 22 жасында аяғының ауырғанына қарамай, сахнада ән айтқан сәтін еске алды. Жақын күндері сол сәтті қайта бастан өткергенін айтты.

“Қазақта жыламаған балаға емшек жоқ” деген сөз бар ғой. Мен өзім іштей “тәкәппар” шығармын, жағдайымды айтып, жылап не сұрап көрмеппін. Аяғымды қайта басып саxнаға шыққан кезде 22 жаста едім. Қып-қызыл юбканың астына ісіктен жуандаған жаралы аяқтан қан сорғалап тұрса да, ән айтып, жымиып төмен қарап тұрған кезімді ешқашан ұмытпаушы едім.

Жақында аяғым қайта қатты ауырып саxнаға мені Ғаділбек сүйеп шыққанда сол баяғы сәтті жақсылап еске түсірдім. Көздің көрінбейтін жасымен жотадан ауырғанды жеңуге жанталасқан жанның тері сорғалады. Саxнаның шеті мен центрінің арасы 5-ақ метр жер маған 5 шақырымдай алыс болды”, – деп жазды әнші парақшасында. 

Әнші уәделі тойға да барып, дертінің ауырғанына қарамастан өнер көрсеткенін айтты. Елмен бірге суретке түсіп, жанының қиналғанын ешкімге білдірмеуге тырысқанын мойындады.

Одан кейін достарыма уәде беріп қойып едім, барамын деп сол тойға бардым, келінді алып шыққанда ертіп жүруші едім, ол жолы келінге сүйеніп жүрдім, зал мұнша үлкен болар ма еді, ән де ұзақ сияқты болды, залдың шеті де жеткізбеді. Иін тірескен Халық жапа тармағай жабысып, суретке түсіп жатыр, бірдеңе деуге шамам бар ма? Итеріп жіберсем, “мінез көрсетті өзінше екен” боламын, құлап қалсам “Мас” атануым мүмкін, жұлқынсам, өзімді жұлып жіберуі мүмкін “неде болса, тағы да жай жымиып” шыдауға тура келді. Уа шіркін Жаратқаным, Жасағаным “Ауырдымға салып, уәделі жерге бармай қалып, бәрін өзіңнен көріп жататұғын жалқаулықты бермепсің маған” Мендегі не деген жанталас, не деген өмірге деген құштарлық, әлде ашыққандық па?-деп тағы да өз-өзіммен ішкі сөйлесуге кіріп кеттім…. Фотода сол сәт”, – дейді Тамара Асар.

Желі қолданушылары әншінің жігеріне қайран қалды. Қолдау білдіріп жатты.

“Алла сізге күш қуатты нұрындай шаша берсін! Жаратқан жар болсын. Əніңіз бен өнеріңізге сүйсіне қарап басымды ием. Тамара, жаныңызда тек кана жаксы жандар көп болсын”, “Алла сүйген құлын сынайды дейді ғой, сабыр берсін”, “Алла шипасын беріп, сізді қорғап қолдап жүрсінші”, – деп жазад желідегілер.

 

Дереккөз: Stan.kz