КСРО кезінде танымал болған әнші Азиза Мұхамедова өзінен 20 жас кіші италиялық жігітке тұрмысқа шықты.
Қос ғашық күні кеше қарым-қатынасын заңдастырып, ресми түрде ерлі-зайыпты атанды, деп жазады "Собеседник". Александр Лорте есімді италиялық жігіттің етегінен ұстаған әнші АХАЖ-ға танымал дизайнер Аника Керимова тіккен ерекше сәнді той көйлегін киіп келген. Дизайнер той көйлегін Сваровски тастарымен және шығыс халықтарының ұлттық киімі - сәлдемен сәндеген.
"Азизаға арналған көйлекті екі күн ішінде тігіп шықтық. Күні-түні демалмай еңбек етіп, Азиза ең сұлу қалыңдық болуы үшін барымызды салдық. Себебі, ол осыған лайық. Ойымыз іске асқан секілді", - дейді дизайнер Аника.
Еске салсақ, Азиза күйеу жігітпен былтыр танысып, бірден оны өз тағдыры екенін түсінген. Той маусым айына жоспарланған еді, алайда тамыз айына шегерілген болатын.
Неке отырғанна кейін қатты қуанған Азиза "Мен бақыттымын", - деп айқайлап жіберген.
Жұлдыз өзінің тойына әріптестерін шақыруды жөн көрмеген. Сондықтан, мерекелік жиынға тек әншінің ет жақындары қатысқан. "Қазір той тойлайтын уақыт емес", - дейді Азизаның өзі.
АХАЖ бөлімінен соң жас жұбайлар қонақтармен бірге мейрамханаға барып, Азиза өміріндегі алғашғы ресми некесін тойлаған. Әлеуметтік желіде Азизаға ізгі тілектерін жолдап, жылы лебіздеріні білдіріп жатқандар аз емес.
"Бақытты болыңыздар!", "Сүйікті әншім Азиза, бақытты болыңызшы", "Сізді жап-жас, қуатты, керемет дауыс иесі ретінде жақсы көретін едім, бақытты болыңыз!", - деп жазды тыңдармандар. Айта кету керек, Азиза Мұхамедова КСРО жұртшылығына жақсы танымал өзбек әншісі.
Ақпараттық дереккөз : nur.kz