Мереке алдында бұрынғы көйлектің белі сыймай қалып, қиналып кеттіңіз бе? Немесе көйлегіңіз тырысып, буылтық-буылтық майларыңыз сәніңізді қашырып тұр ма? Аз уақытта үлкен жетістікке жетуге болады. Өзіңізді қолға алып, дереу мына диетаны ұстансаңыз болғаны.
Алдымен белді мықтап байлап алып,
- күніне 4 алма;
- 1 лимон;
- 1 кесек ет;
- 3 тілім кепкен нан жеу керек.
Егер келесі күні өзгеріс байқалмаса, тағы бір күн осы диета бойынша тамақтаныңыз. Бұдан да тағы бір-екі сантиметрге жіңішкере түскіңіз келсе, тамақтан ұн, тұз, қант деген заттарды алып тастау қажет, қажет өз алдына, арықтағыңыз келсе тиіссіз. Ал тамақтанған кезде сұйық ішпеген дұрыс. Енді 3-4 күннен кейін жақсылап байқап қарасаңыз, көйлек те дәл, бел де қиылып шыға келеді.
Осы қалпыңызды кейін де сақтап қалғыңыз келсе, «қанағат», «дұрыс тамақтану», «қимыл-қозғалыс» деген сөздерді есіңізден шығармаңыз. Ал мұны жүзеге асыру үшін рухыңыздың мықты болмағы керек.