Ем болатын аурулары
1.Қант қызылшасын сірке суымен, қышымамен араластырып ішкізсе, көкбауырдағы бөгеттерді ашады.
2. Бір жақ шеке ауырғанда, аяқ-қол қалтырағанда қант қызылшасының суын балмен араластырып, мұрынға таңса ауыру жеңілдейді.
3. Құлақ ауырғанда, қант қызылшасы жапырағының суын сығып алып, балмен қосып қайнатып, жылы күйінде құлаққа тамызады.
4. Шаштағы бит пен қайызғақты кетіру үшін қант қызылшасы жапырағының суымен шашты жуады.

 

5. Іш кірнесіне қант қызылшасын қышқыл сірке суымен қосып қайнатып ішсе, ауырғанды басады.Пайдалану мөлшері: 40 грамға дейін. Қант қызылшасының құрамында саротин бар.
Қауын сабағы
Қауынның сабағы аздап улы болады.
Жинау және өңдеу
Әбден пысқанда қауынды жинап алып, тазалап кептіреді.


Ем болатын аурулары
1. Тамақтан уланғанда құстыруға тура келсе, 1-2г талқандалған қауын
сабағын қайнаған сумен ішкізсе, 15-20 минуттың ішінде құсады. Егер құса қоймаса, сол мөлшерде тағы да ішкізу керек.
2. Мұрынның етті өспесіне талқандалған қауынның сабағынан белгілі
мөлшерде алып, мұрынға насбайша атса, мұрыннан сары су тамып, өспе кішірейеді.
Ескерту: Қауын сабағының құрамында милотоксин болғандықтан, ішкеннен кейін асқазан жүйкелерін тітіркендіреді де, жүрек айнып құсады. Кейбір деректерге қарағанда денеге сіңбейді, денені сусыздандырып, уландыру құбылысын болғызбайды. Бұл емді абайлап жасау керек.
Пайдалану мөлшері: тұқымынан 9-15г, сабағынан 2-6г. Қауын тұқымының құрамында май, аз мөлшерде белок (глобулин), глиукоза, өсімдік майы, литин, холестерин, старин және май қышқылы бар. Қауын сабағындағы құстыратын зат – милтоксин.