1.Орынсыз сөйлеп қойсаңыз, орныңыздан тұрып кетіңіз. Сыртқа шығып, таза ауамен біраз дем алыңыз. Таза ауа, табиғат көріністері, көңіліңізді қайтадан орнына түсіреді.
2. Үйіңізде бөлме гүлдерін өсіретін болсаңыз, солармен сөйлесіңіз. Сырласыңызға айналдырыңыз.
3. Қарсыласыңыздың немесе ұрысып отырған адамыңыздың сөзіне мән бермей, іштей 100ге дейін санаңыз. Психологтар 17 ге дейін санағаннан кейін, адам тынышталады деген ой бар.
4. Көп жерде үнсіз қалуға тырысыңыз. Қарсы келген жан ашулы болса ешнәрсені түсінбейді. Яғни сізден жеңіледі деген тұжырым.
5 .Салқын су ішіп, мұздай балмұздақ жеңіз.
6 .Құрбыларыңызға, достарыңызға қоңырау шалып, болмаса жақын орналасқан жерде тұратын болса, барып қайтыңыз.
7. Оңаша қалып, кітаптар, музыка, газет журналдар оқыңыз.
8. Дене жаттығуларын жасаңыз. Салқын сумен жазда ғана шомылып жүріңіз.
9. Әсем әндер мен күйлер көңіл күйді жақсартуына әсер ететінін естен шығармаңыз. Баяу ғана ән тыңдаңыз.
10. Кемінде 10 минут ренжіскен адамыңызбен бетпе бет келуден қашқақтаңыз. Ал егерде сізді көрсе, түк білмегендей бетіне қарап күле сөйлеңіз. Ол жылы қабақ танытса, оқиғаны болмағандай етіп өткізіңіз. Тоңтеріс жүрсе, әңгімеге тартып, талқыға салыңыз. Сіздікі қате болса, сол арада кешірім сұраңыз.