1.Егер сен көңілің құлазып ешкіммен сөйлескің келмесе,оңаша қалғанды қаласаң теңізге немесе су жағасына бар.Тұнық су бар ойыңдағы ауырлықтан сергітеді.Бойыңда күш пайда болады.
2.Егер сен жігітіңмен айырылысып ұмыту қиынға соғып, күйзеліп кетсең,көңілді ән тыңда.Көңілің қаламаса да.Жылауық ән мен мұңға жетелейтін әуенді тыңдамауға тырыс.Өйткені мұңды музыка көңіліңді одан сайын жабырқатып,көңіліңді құлазытып жібереді.
3.Сол стерсстен шығу үшін ішіңдегі бар сырыңды жақын досыңмен бөліс .Немесе айнадағы өз бейнеңмен сырлас.Іштегі шер сыртқа шыққанда ғана жеңілдейсің.
4.Би.Билеу арқылы қимыл –қозғалыс арқылы,жүрек жиі соғып бойдағы қан айналымы күшейеді.
5.Ойыңа оралған ойды нақты,тиянақты етіп жеткізуге тырыс.Өйткені шұбалаңқы ой,күмілжі пікір адамға сенімсіздік тудырады.
6.Өзіңді сенімді көрсету үшін, бойыңды тік ұста.Қадам басқанда кібіртектемей нық адымда.
7.Кез –келген адамға сырыңды ашудан аулақ бол.Өйткені ,бір күні ол сөзің өзіңе қарсы қару болып кетуі әбден мүмкін.