Ауыздан жағымсыз иіс шығатын болса не амал бар? Пайдалы да тиімді әдісі барма өзі? Жарнамадағы түрлі амал-шаралар қаншалықты рас болмақ? Сол карамелькалар мен түрлі сағыздардың пайдасы уақытша ғана екені бәрімізге аян. Зияны да жоқ емес. Медиктердің галитоз терминімен аталатын бұл кеселі – асқорыту немесе өкпе мен ауыз қуыстарының кінәратын білдіреді екен.Өсімдіктен жасауға болатын ем шараның болғанына шүкір. Бұл емшараның пайдасы керемет! (Имбирь)Жанжабіл; занзабіл; зімбір адамзат арасында өзінің қайталанбас дәмімен белгілі. Бұл емшара арқылы асқазан мен ішек құрылысына пайдасын тигізіп сонымен қатар ауыздан шығатын жағымсыз иістен құтқарады. Санскритте бұл өсімдікті бекер «вишвабхесадж» яғни «әмбебап дәрі» атамаса керек. Теңізшілер зімбірді өздерінің ұзақ сапарына цингадан сақтану үшін алып жүретін болған. Сондай ақ зімбір іш кепкенде, жөтел мен ревматизмге ем ретінде қолданылады. Соңғы зертеулерден байқалғаны зімбірдің асқортыу жүйесі және өкпе мен жүрек қантамырлары жүйесіне тигізер үлкен пайдасы барлығы. Іштей қабылдау үшін бір стакан қайнақ суға 1/2 шай қасық зімбір және 1/2 шай қасық жұпар жаңғағын қосу керек. Күніне 1-2 стакан ішіп тұрған дұрыс. Ауыз қуысы үшін – 1 стакан жылы(қайнатылған) суға бір шымшым зімбір ұнтағын салып тамақтанып болған сайын шайып отырған дұрыс. |
Зімбірдің қандай пайдасы бар екенін білесіз бе?
- Подробности
- Категория: Керек кеңес