Ер адамның ең әлсіз кезі – ләззатқа бөленіп, құштарлықтың құшағында жатқан шағы. Егер күйеуіңізді ұмытылмастай рахат күйге бөлегіңіз келсе, психологтың кеңесіне құлақ асыңыз!

  • Еріңіз сізге ынтық болып тұрса, оның сезімінен бас тартпаңыз.
  • Ең бірінші гармониялық сезімін оятамын десеңіз, ернінен сүйіп, мойнынан құшақтаңыз.
  • Көңілін көтергіңіз келсе, құлағынан қытықтап сыбырлаңыз.
  • Саусақтарыңыздың жеңіл де, нәзік қозғалысымен жұбыңыздың қытығын келтіріп қана қоймай, өзіңіздің сезіміңізді білдіріп, оның ұсынысынан кетәрі еместігіңізді де жеткізіңіз.

  • Көрпенің астында жатып құшақтасу да еріңіздің құштарлығын арттырмақ.

  • Құштарлықтың ең абзалы – құшақтасу әдісі. Бұл әдіспен бойдағы ауырлықтан арылуға болады.
  • Еріңізді сүйгіңіз келсе, сүйіңіз жақсы көріңіз, аймалаңыз. Ол сіздің махаббатыңыз емес пе?!
  • Сүйісу арқылы оның махаббатын сезініңіз, өз сезіміңізді жеткізіңіз.
  • Алақанынан ұстап, жанына тыныштық сыйлаңыз.

 

Дайындаған: Балжан Нұрғалиқызы Қанапияева, ҚР «Қазақ психологиялық қоғамы» бірлестігінің мүшесі, психолог 

anabol.kz