1. Кез-келген əлеуметтік жағдайларға төтеп бере біл. 1990 жылдан бастап, отбасы институтында ерекше үстемдік құра бастаған нəрсе - əлеуметтік жағдайлар мен материалдық қажеттіліктердің өтелуі.  Егер ер жұмысынан қысқарса, оған  дұрыс  психологиялық демеу көрсетіңіз. Шыдамды болыңыз. Ер адамға бұйыру жəне жұмсау сынды дүниелер ұнамайды. Оларға нақты жағдайды өзі шешуіне мүмкіндік беруіңіз керек. Ал, сол жағдайлардан сүрінбеуіңіз үшін жүйелі қаржылық сауаттылықты арттырып  жəне қажетсіз шығындардан саналы түрде бас тарта білуіңіз тиіс. Əйел ретінде, отбасы бюжетін дұрыс жұмсауды қолға алып, өз ас үйіңіздің толық ханымы болуыңыздың өзі қаржының ұқыпты жұмсалуына сеп болмақ.  Тəттілер мен  ас түрлерін сатып алуды мүлдем доғару арқылы сіз отбасы денсаулығы мен қаражатының дұрыс болуына жол ашасыз.
 2. Ішкі үйлесімділікті жойма. Ішкі үйлесімділік -   екеуіңізге бірдей ұнайтын нəрселерді жасаудан қол үзбеңіз. Бірге əн айтуды қалайсыздар ма? Айтыңыздар. Билеу ұнай ма? Билеңіздер. Еш уақытта үндестік жойылмауы қажет.  
 
3.Тым сəнқой жəне əуесқой болма. Сəн - өміріміздің бір бөлшегі. Бар нəрсені бірақ сəнге тіреуге де болмайды. Сəнді киіну деген -  сатылымдағы қымбат көйлектерді алу емес, сəн журналдарындағы киімдерді алу емес. Ол - жинақы əрі өмірге ыңғайлы киіне білу. 
 
4.Ер адамның əрекетіне бірден  сараптама жасауға асықпа жəне əркез түсіністік қағидасын ұстан.
Күйеуің үйге қонбаса, оның себебін іздеуге тырыс. Жағдайды толық түсін.  Өзінен сұра. Жəне де өзіңді жетілдір. Еркек үйге түнемесе, əйеліне деген қызығушылықтың төмендеуінен. Төмендеуіне себеп болатын нəрселер, жанұядағы жайлылықтың жоғалуы, тұрақты жыныстық қатынастың болмауы, əйелдің өз-өзін бағалауының жоғалуынан болатын психикалық күйзеліске тап болуы. Əйел - ер азаматқа жаңа атқан таң сияқты əсер беруі тиіс. Жаңарыңыз! Жарқыраңыз!
 
5. Өзіңіздің нəзіктігіңіз бен сыршылдығыңыздан айрылуға болмайды. Шынайы болыңыз. Баланы бірге жоспарлап, балалы болуға ниетті болса, сіз  бас тартпаңыз.  Себебі, ер адамдар қалауына жетуі керек. Олардың қалауы - біздің қалаудан мың есе қуатты.
 
Әзірбайжан тілінен аударған "el24kz "сайтының аударма бөлімі