Өркениеттің көптеген құпиялары әлі ашылмады. Майя халқы күн мен айдың межесіне қарай өзінің жеке күнтізбесін қалыптастырып, өмір сүрген. Олардың есептеуі әрдайым дәл келіп отырған, сол себепті күнтізбе шынайы түрде құрылған деген болжам бар.

Ежелгі өркениеттің есептеуі бойынша адамға әрқайсысы өзінше әсер ететін 13 кезең бар. Олардың әрқайсысы жан жануарлардың аттарымен аталады.

Майя жұлдызнамасы бойынша 13 жануардың қайсысы екеніңізді біліңіз. Барынша сәйкес келетін сипаттаулар сізді таң қалдыратыны анық. 

Жарқанат

26 шілде – 22 тамыз

Көшбасшылықтың нақты белгілері байқалады. Бұлар өмірде еш қайтпайтын, өз мақсатына жету үшін ештеңеден тайсалмайтын адамдар. Айналасында үнемі құрметке ие. Жұмыста ұжыммен жақсы тіл табыса алады, ал басшылық қызметте өзін жайлы ұстайды. Кей кездері құрдымға кеткен істі де өз күшімен алып шығады. Бұл жолда сәттілік пен мақсатқа жеткіш қасиеті көмектеседі. Әрдайым табыс пен қошеметке ие болғысы келеді. Жаман қасиеті кейде оқыс пайда болып, алға қойған мақсатты ұмыттыра жаздайтыны да бар.

 

Сарышаян

23 тамыз – 19 қыркүйек

Өз көзқарастары бар адамдар. Олар қоғамдық пікірге қарамастан, өз қағидаларын ұстанады. Кейде тіпті өзгелердің көз алдында қорқыныш тудырады, бір көзқарасымен оларды ерік-жігеріне бағындыра алады. Бұл белгінің жарқын сипаты - олар адамға бейтарап көзқараспен қарамайды, олар қатты сезімге бой алдырады немесе жеккөрушілік сезімін бастан кешіреді. Басқа шешім болмайды. Олар қалтарыста қалмауға тырысады, бірақ өздерінің қорытындыларын жасай отырып, бәрі оларды байқағыш келеді.

 

Бұғы

20 қыркүйек – 17 қазан

Барлық белгілердің ішіндегі ең сезімталы. Ашық, нәзік жандар, бәрін жақсы көреді. Бұғылар жаманшылыққа жоқ. Әрқашан қиын сәтте көмектесуге дайын. Олар өте әдемі киінеді, қарсы жынысты адамдардың көңілін өзіне аудара біледі. Бұғылар негізінен шығармашылық сипатқа ие, кеңседе болудан, белгіленген кесте бойынша жұмыс істеуді жек көреді. Олардың жаны еркіндікті қалайды, сондықтан олардың сезімі мен ұмтылысын ештеңе де тоқтата алмайды.

 

Үкі

18 қазан – 14 қараша

Олардың мистикалық жаны бар. Мұндай адамдар ерте жастан болашақты болжай алатындығын байқайды. Олардың түйсігі ешқашан алдамайды. Олар өздерінің эмоцияларымен өмір сүреді. Олардың сана-сезімі дамыған және жиі қиындықтар туралы ескертетін белгілерін жіберіп отырады. Үкілердің тағы бір ерекше қабілеті - адамдарды өзіне тарта білуі. Алғашқы әңгімелерден олар өздеріне назар аудартып, елітіп, қызықтырады, әңгімелесушіні таңдандырады және өзіне ыңғайлай біледі. Олардан жиі кеңес сұрап жатады және ең қымбат құпияларын сеніп айтады.

 

Тауыс

15 қараша – 12 желтоқсан

Өте үйірімпаз белгі. Ол қоршаған орта энергиясымен өмір сүреді, әрдайым көзге көрініп жүргенін қалайды, адамдардың мақұлдауын естігенді ұнатады. Ол жалғыздықты жек көреді, бірден қорқады және қоғамға қайта келу үшін қандай да бір жолды іздейді. Жіті ақылға ие, кез-келген ортада өзін «үйдегідей» сезінеді. Ол жарқырап көзге көріну үшін туғандай, оның мүдделері әрдайым өзіне жақын адамдардың қажеттіліктерінен жоғары болады. Өзінің келуімен өзгелерді күңгірттендіріп жіберетіні айдан анық, бәлкім оның артынан тауысты әңгіме қылатындар да табылатын шығар, алайда мұны тек қызғаныштан туған ой деп ұққан жөн.

 

Кесіртке

13 желтоқсан – 9 қаңтар

Мұндай адамдар кәдімгі нәрселерге қанағаттанбайды, олар өзгерістерді үнемі күтіп жүреді. Өмірдегі өз орнын табу, айнала қоршаған құпияларды ашу – кесірткелердің табиғи қалауы. Олар өзгермелі сипатқа ие, бірнеше минут ішінде олар мүлдем басқа адамға айналып шыға келеді. Кейде олардың әрекеттері мен қылықтарын түсіну мүлде мүмкін емес болады. Мұндай адамдар жиі мекен-жайын өзгертеді. Олар бәрін оңай тастап, бәрін жаңадан бастай алады, өздерінің ойлаған мақсаттарына жетуді ғана ойлайды. Жұмыста оларға әрдайым уақыт жетпей жатады, өйткені идея өте көп, ал оларды іске асыру үшін уақыт тапшы.

 

Маймыл

10 қаңтар – 6 ақпан

Аса белсенді белгі ретінде танымал. Олар бірер сәт тыныш отыра алмайды. Өте шыдамсыз, оқиғаны тездетудің хас шеберлері. Ал мінезі жайдары әрі көңілді. Мұндай адамдардың достары да көп. Маймылдар өзіне міндеттерді жүктегенді ұнатпайды, бостандықты жаны сүйеді. Егер жұмысы қимыл-қозғалыстан, іссапарлардан, адамдармен қарым-қатынастан тұрса, жұмысқа бүкіл өмірін сарп етуге әзір келеді.

Сұңқар

7 ақпан – 6 наурыз

Бұл адамдар екі жарқын қасиетті сіңірген, олар - амбиция және сәттілік. Бұл қасиеттер оларға кез келген жағдайдан жеңіспен шығуына мүмкіндік береді. Сұңқар жиі табысқа жетеді. Ол үнемі әлемге оң көзқараспен қарайды, сәтсіздіктерінен сабақ ала біледі. Сұңқарлар өте еңбекқор келеді, олардың есте сақтау қабілеті де керемет, кез-келген ақпаратты қағып алады. Олар өз орны үшін күннің астында күресуге тура келетінін біледі және көшбасшылық ұстанымға ие болу үшін бар күшін салады. Олардың ойлаған барлық идеялары жүзеге асып жатады және олар жоспарлағаннан да биік деңгейге жетіп отырады.

 

Теңбілшер

7 наурыз – 3 сәуір

Ең бостандықты сүйетін белгі. Оның бақыты - қозғалыс. Осы мақсатқа қол жеткізу үшін ол кез келген қадам жасауға дайын. Теңбілшер қу келеді, адамдарды билей алады. Молшылықта өмір сүргенді ұнатады. Ең күрделі және жағымсыз жағдай оның пайдасына шешіліп, олардан табыс таба да біледі. Олар қолға тұрмайды, кейде адамдарға олар бір уақытта бірнеше жерде болуы мүмкін деген әсер қалдырады. Олардың мінезі жиі өзгереді, негізінен жағдайға байланысты болады. Кез келген адам үшін олардың тұлғалық қасиетінің сырын ашу әсте мүмкін емес.

 

Түлкі

4 сәуір – 1 мамыр

Түлкі белгісімен туылған адамдардың өміріндегі ең басты нәрсе - сезім мен эмоция. Олар өте жақсы тәрбиедегі адамдар, жан-жағындағы адамдарға көмектескіш келеді. Медицинамен байланысты мамандықтарды жиі таңдайды. Олар бірінші қоңырау шалғанда-ақ, өздерінің барлық істерін тастап, бейтаныс адамға көмектесу үшін қаланың екінші жағына шығуға әзір. Көп жағдайда басқа біреуді ауруынан айықтыратын емшілік қасиеті бар. Олар өз балаларымен жақсы тіл табысады. Бірақ, азап шеккендерге мәңгілік көмек берем деп жүріп, өз өмірлерін ұмытып кетеді. Осылайша өз қажеттіліктеріне назар аударылмай қалады.

 

Жылан

2 мамыр – 29 мамыр

Бұл белгі мінсіз мәнерге ие. Олар балалық шақтарынан-ақ өзгелерден жақсы өмір сүріп қалыптасқан. Олар қарапайым арзан әшекейдің өзін ең қымбат дүниедей сыйға тарта алады. Олар еш уақытта өмірге шағымданбайды, барлық уақытта күліп жүреді және тамаша өмір сүріп жүрмін деп айтады. Сол арқылы төңірегінде көптеген іштарларды туындатады. Өзінің барлық игілігін ауыр еңбекпен табады, тәуліктеп барлық күшін жұмысқа жұмсай алады. Дегенмен, адамдардың барлығында да бәрі керемет емес және жыландар мұндай биікке қандай күш-жігермен жеткенін ойлай бермейді.

 

Тиін

28 мамыр – 26 маусым

Энергиялы белгі, мәңгілік қағілез адамды еске салады. Бірден 100 іске кірісіп, бір қызығы бәрін де тыңғылықты орындайды. Көзқарасын түрлі эмоцияның әсерімен жиі өзгертіп тұрады. Тиіндер бауырмал әрі тілтапқыш келеді, таныс-тамырында шек жоқ және бәрімен де әңгімелесіп, соңғы жаңалықтарды жинап та үлгереді. Бірдеңелер жасап, өзгертіп тұрғанды сүйеді және кез келген жолмен өз өмірін көңілді өткізуге тырысады. Әрбір жаңа күн  жаңа оқиғаларды әкелгенін және олар бір-бірімен ұқсамағандығын қалайды.  

 

Тасбақа

27 маусым – 25 шілде

Шешім қабылдай алатын әрі байсалды жұлдызнама белгісі. Тасбақалар үндемей ғана өз мақсатына жетеді. Үйдегі жайлылығын тас қалағандай қалайды. Ешқашан асығыс шешім қабылдамайды, бәрін ақылға салып, бір шешімге келеді. Олардың үйінде әрдайым тұрақтылық орнаған. Тасбақаларға адамдар әрдайым кеңес алу үшін келеді. Бұл адамдар өте ақылды, ешқашан шиеленіске бармайды, барлық сауалдарды жайлы түрде шешеді. Майя жұлдызнамасындағы ең байсалды белгі осы тасбақалар екені анық.

 

Дереккөз: moimozg.ru  

              newsroom.kz/