Ұзын әрі әдемі шаш болғанын қалайтындарға арналған кеңестер ұсынамыз.

1. Әр 6 апта сайын шаш қимаңыз. Егер шынымен де ұзын шаш болғанын қаласаңыз, стилистер айтатындай жиі қия берудің қажеті жоқ. Шашыңыз ұзын болуы үшін жылына екі рет қана қиып, бірақ әрдайым шаш ұшына күтім жасаған жөн.

2. Шаш құрылымы мен шаш түсі сіздікіне ұқсайтын жұлдыздарға қараңыз. Өз стиліңіз бен шаш үлгіңізді табудың ең оңай жолы – сізге ұқсайтын жұлдыздарға қарау. Егер олар таңдаған шаш үлгісі мен шаш бояуы өздеріне жарасып тұрса, сізге де жарасу ықтималдылығы жоғары болып келеді.

3. Өзгерісті бірден емес, біртіндеп жасаңыз. Әсіресе, түбегейлі түр өзгерісін қаласаңыз, оны аз-аздан бастаған жөн. Кей шаш үлгісін қайтару үшін бірнеше ай, тіпті, кейде бірнеше жыл кетеді.

4. Сіз армандаған реңкке бір бояғаннан жете алмайсыз. Мінсіз түсті бірнеше бояу сеансынан кейін алуға болады. Табиғи қара түсті шашты ешқашан табиғи сары түсті шаш секілді ағарту мүмкін емес. Бірақ ойлаған түске жақындату үшін шаш маманына уақыт қажет.

5. Өзіңізге ұнайтын және ұнамайтын нәрсенің суретін көрсетіңіз. Шаш шебері шаш бояуының немесе үлгісінің нәтижесін көз алдына елестету үшін сізге ұнайтын және ұнамайтын түрінің суретін көрсетіңіз. Оны ғаламтордан іздеуге болады.

6. Өзіңізге ұнайтын шебер табуға уақыт жұмсаңыз. Шаштараз – сіздің кейпіңізге жауапты адам. Сондықтан онымен байланыс табу маңызды болып келеді. Шаштаразбен сөйлесіңіз, анализ жасаңыз. Онымен еркін сөйлесе аласыз ба? Ол сізді түсініп тұр ма? Түсінуге тырысып тұр ма? Ол адам ретінде сізге қаншалықты ұнайды?

 

Дреккөз: Massaget.kz