Әділбек Нұрымбет
Маман кеңесі
Кішкентай баласының беті қызарып, экссудатты яғни суланған бөртпе шығып мазасызданған баланы көріп, анасынан: балаңыздың бетіне не шығып кеткен, - деп сұрай қалсаң,
-ой, диатезғой ,- деп жайбарақат жауап бергенін жиі кездестіріп жатамын.
Сол себепті диатез жайында тоқтала кетейін деп шештім.
Ата-аналар арасында «диатез» аталып кеткен «Атопиялық дерматит» дегеніміз- адам ағзасына түскен бөтен заттарға ағзаның қайтарған аллергиялық жауабы.
Атопиялық дерматиттің пайда болу себептері:
1. Ең бірінші себебі: тұқым қуалаушылық. Анасында немесе әкесінде, екеуінің біреуінде аллергиялық қабынулар жиі кездессе, баласының аллергиялық дерматитпен зардап шегуі 50%-ға жуық кездеседі. Ал екеуінде де алллергия болса 80-95%-ға жуығында кездеседі.
2. Осы балаға жүкті кезінде анасында токсикоз өте ауыр және ұзақ өтсе, инфекциялық аурулармен ауыратын болса және соңғы триместрінде цитрусты жемістерді, тәттілерді (шоколад, торт, конфет т.б),және краситель қосылған тағамдарды,жұмыртқаның сарысын көп жегенінен балада аллергиялық дерматит болуға бейім келеді.
3. Жаңа туылған нәрестенің атопиялық дерматитке шалдығуының ең жиі себебі: сиыр сүтін,немесе қосымша сүт(смесь) беруден болады. Себебі нәрестенің асқазанында белокты қорытатын ферменттер дұрыс жетілмейді. Ананың сүтіндегі белоктар қорытылуға жеңіл болады. Сол себепті қосымша сүт(смесь) немесе сиыр сүтін ішкен баланың аллергияға шалдығуы өте жиі кездеседі. Тек ана сүтімен қоректенетін балада атопиялық дерматиттің шығуы, анасының диета бұзғандығымен түсіндірірледі. Анасы- қақталған ет, балық (копченный), консервіленген тағамдар, жұмыртқа сарысын,цитрусты өсімдіктер, алкоголь сусындары, орех, майонез, бал, тәтті тағамдарды көп жеу, және қызыл өсімдіктерді көп жегеннен болады.
4. Тыныс алу жолдары арқылы: шаң-тозаңдар, аэрозольдар, химиялық заттардың иісі(үйді, киімді) иісі қатты шығатын химиялық ерітінділермен жуудан, себілген иіссудан болады.
5. Контактілі: баланың киімін химиялық порошоктармен жуғанда, синтетикалық киімдерді кигізгенде, қалың киіндіріп тастаса, үйдің ауасы өте құрғақ болса пайда болады.
Клиникалық көрінісі:
Атопиялық дерматит(диатез) екі түрде дамиды:1. Құрғақ түрде өтеді. Беті, денесінің әр жері қатты қызарады, терілері құрғап, қабыршақтанып кетеді. Бастарында ақшыл-сары жабынды(қаспақ) ұлғая береді,қатты қышиды. Тері қабаты жұқара береді де қорғаныштық қасиеті төмендейді. Бронх қабырғалары да қабыршақтанып, кетпейтін құрғақ жөтел болуы мүмкін. Асқазан, ішек қабырғалары да жұқарып, қалыпты микрофлорасының бұзылуына алып келеді. Нәтижесінде дисбактериоз(іш өту немесе іш қатуы болады.)
2.Ылғалды түрі: сулы бөртпелер көбейіп, бір бірірмен тұтасып топталып шығады. Бөртпелер жиі жарылып, суланып тұрады. Қатты қышиды. Инфекция түссе іріңдеуі де мүмкін. Асқынған түрі көздің, ауыз, мұрын, бронх, асқазан, көмей шырышты қабаттарына да шығуы мүмкін. Нәтижесінде ларингит, фарингит, бронхит, диарея болады. Емделмей ұзақ жүре берсе аллергиялық бронх демікпесіне алып келуі мүмкін.
Атопиялық дерматиттің(диатез) емі:
- Бұны емдеу үшін алдымен себебін анықтау керек. Себебін жоймаса қайталана береді.
- Суға түсіру: 1 стакан(200гр) череданы 1 литр қайнаған суға салып5-6 сағат қойып қояды. Сосын ваннаға су құйып, череданы сүзгіден өткізіп құямыз. Сол суға баланы шомылдырамыз.
- Терісі құрғақ болса арнайы балаларға арналған крем жағамыз.
- Қатты қышынып жатса, арнайы кортикостеройдты және аллергияға қарсы кремдер (бепантен, адвантан, преднизолон, дексаметазон, сенафлан, гидрокортизон т.б.) жағамыз.
- Антигистаминді (аллергияға қарсы) препараттар береміз. Ескерту: супрастин аллергияны басқанымен ұйқы шақырады. Ал кішкентай балаларды дәрімен көп ұйықтата берсе физикалық және психикалық дамуы тежеледі. Сол себепті ІІ-ІІІ буын дәрілер берген жөн. Цетрин, зиртек, парлазин, фенистил т.б.
- Егер бөртпеге инфекция түсіп, іріңдеп кетсе- антибактериальді мазын (эритромицин, тетрациклин, лефомиколь,гентамицин т.б) жағу керек.
- Аллерген тағамдармен түсетін болса- сорбенттердің ролі өте зор. Аллергенді, токсинді өзіне байланыстырып өзімен бірге нәжіс арқылы сыртқа алып шығады. Сорбенттердің ең қауіпсізі- смекта.
- Асқазан-ішек жолдарының микрофлорасын қалпына келтіру керек. Бифидубактерин, лактон, линекс, хилак-форте.
Ескерту!!! Дәрілермен емдегенде міндетті түрде дәрігер кеңесін алу керек. Дәрілердің дозасын және әр дәрігердің тактикасы әр-түрлі болады.
Атопиялық дерматиттің(диатез) алдын алу:
- Жүктіліктің соңғы айларында жоғарыда көрсетілген, аллергия шақыратын заттарды жеуден бас тарту.
- Тек ана сүтімен қоректену, егер мүмкіндік болмаған жағдайда гипоаллергенный қосымша сүтін берген пайдалы.
- Анасы бала емізетін болса, жоғарыда көрсетілген тағамдардан бас тарту керек. Ал мына тағамдарды жеуге болады →Сиыр, бұзау, қоян, құс еттерін жеуге, сорпасын ішуге болады, қайнатылған картошка, творог, кефир, кептірілген жемістерден жасалған компот көк алма, қияр (тұздалған емес).
- Бөлмені жиі ылғалдандырып тазалап, баланы таза ауаға шығару керек. Баланың бөлмесіне иісі қатты шығатын хлорлы заттарды, иіссуларды жақындатпау керек. Үй жануарлары болмағаны дұрыс.
- Баланың киімдері сапалы мақталы(х/б) болуы керек. Баланың киімдерін арнайы балаларға арналған ерітінділермен жуып, әр кигізерде үтіктеп отыру керек. Себебі үтіктегенде микробтармен бірге аллергендерде жойылады.
Балаларға атопиялық дерматит шыға бастағанда лабораторлық зерттеуде ең маңызды ақпаратты «Ig – E» береді. Егер жоғары болса бірден аллергологқа қаралу керек.
Атопиялық дерматитті жақсылап емделсе, диета сақтап, күтімі жақсы болғанның өзінде бүкіл ағзадағы өзгерістер 3-4 жылда барып қалпына келеді. Яғни осы уақыт аралығында бала режимді өрескел бұзатын болса қайталанады деген сөз.
Қорытынды. Кішкентай бала өзіне өзі күтім жасай алмайды. Оған толық біз жауаптымыз. Дені сау, болашағы мықты бала өсіргіңіз келсе ерінбеңіз. Себебі өткен уақытты артқа қайтара алмайсыз.
Достарыңызбен бөлісіңіз. Диатезбен зардап шегетін балалары болса көмегі тиіп қалар.