2019 жыл жақсы жыл деп күтіледіЖұмыс пен жеке өмірде үзілістер көп болады. Астролог, Украинадағы «Экстрасенстер шайқасының» жеңімпазы Юлии Кацманның айтуынша, көп адам өз махаббатын жолықтырады.

Бұл жылы денсаулыққа көп көңіл бөліп, алкогольді ішкенде сақ болған жөн.

Алдағы жылдың символы – Сары доңыз. Қытай күнтізбесі бойынша, жыл 5 ақпаннан басталады. Жаңа жылда қоңыр, сары, жасыл түсті киім кигеніңіз абзал. Сонымен қатар көк, күлгін, алтын түстес, қара, ақ түстерді де киюге болады.

Шығыс мифологиясына сәйкес, Доңыз – бұл ақша мен байлықтың белгісі. Жаңа жылдық  дастарханды доңыздың пішінінде жасаған жақсы.

Доңаздың ағаш, керамикалық, мата түрін бөлмелерге қойып қойыңыз.Сәттілік болсын десеңіз, апельсин мен даршын таяқшаларын бөлмелерге тастап қойыңыз.

Дастарханда балық, ет, бұршақ, көкөніс, жеміс, жаңғақ болсын. Ал, доңыз етін қоюға болмайды. Астролог доңыз етін мүлде жемеуге кеңес береді.

Доңыз жылында өмірге келгендер қонақжай келеді. Тамақ жегенді ұнатады. Алайда артық салмақ жинайдан абай болыңыз.

Бұл жыл отбасын құруға, неке заңдастыруға, балалы болуға сәтті уақыт. Махаббатын іздеп жүргендердің де жолы болады. Бұл жылы бала көп өмірге келеді. Неке көп қиылады. Ажырасу мен сот ісі де көп болмақ. Себебі 2019 жыл символы өтірік айтқанды ұнатпайды.

Алын ала ақша жинағыш алып, шырша түбіне қойыңыз. Жаңа жыл уақытында сары түсті 12 тиын салыңыз.

Әр тиынды тастарда тілек тілеңіз. Барлық тілек 12 ай ішінд орындалады. Бастысы барлық тілек жақсы болуы керек.

Жыл саны нумерология бойынша – 12.

Тоқты белгісінде туғандардың мансабы өседі. Сүйіктісін кезіктіріп, отбасын құрады. Саяхатқа шығады.

Торпақтар үшін де сәтті жыл. Көктем айында бизнесі жүреді. Ғылыммен айналысып, шетелге шығуы мүмкін.

Шаяндар көп жұмыс істейді. Әріптестерімен қатынаста сақ болған жөн. Барлық қиындықтар табысқа жетелейді.

Егіздер бар назарын жұмысқа салып, жеке өмірінде үзілістер болады. Басшылықпен жақсы қатынаста болуы керек.

Арыстандар шығармашылыққа бейімделеді. Жеке өмірі бір ізге түсіп, достарының ортасында жүреді. Көп жаспар құрады. Денсаулығына сақтықпен қарағаны дұрыс.

Таразылар да көп жұмысқа тап келеді. Жылжымайтын мүлікке қатысты қайшылықтар тууы мүмкін.

Сарышаяндар сапарға шығып, көп саяхаттайды. Рухани жандүниесін байытады.

Мергендер үшін сәтті жыл болады. Олар үшін наурыздан қазанға дейін сәттілік болады. Мергендер сүйікті ісімен айналыса алады.

Тауешкілерге серіктестерінен қолдау көп болады. Отбасы татулықта өмір сүреді.

Суқұйғыштар көп жұмыс атқарады. Денсаулыққа көп назар салған жөн. Қаржы ісінде сақ болған жөн.

Балықтарға қуанышты жыл болады. Махаббатқа, шығармашылыққа, балалармен сөйлесуге уақыт табылады. Өз сезіміңізді біржақты еткен жөн.

Арыстан, Тоқты, Мергендер үшін жыл сәтті өтеді.

Саясатқа айтар болсақ, 2019 жылы тұрақты өтеді. Үзілістер аз болады. Білім саласына көп көңіл бөлген жөн. Жыл есте қаларлықтай көңілді көтеді.

stan.kz