Ғалымдар жүкті әйелдерге шүмектен аққан су ішуге болмайтындығын айтады, ондағы су іштегі бала ағзасына сіңіп, қатерлі ауруларға алып келеді деседі.


Сондай-ақ, судағы зиянды қоспалардың көптігі тұқымдағы кері өзгерістерге әкеліп соқтыруы мүмкін, ол болса обыр сынды жаман дерттің дамуына ықпал етеді.


Америка ғалымдары ана жатырындағы балаға шүмектен аққан судың қаншалықты қаупі бар екенін тексеру мақсатында зерттеу жұмыстарын жүргізген болатын. Осы тұрғыда ғалымдар жүкті әйелдерге таза су ғана ішуге кеңес береді. Тек жүкті әйелдер емес, барша халықтың тазаланған суды тұтынғаны дұрыс.

Себебі, су құрамында денсаулыққа пайдасыз хлор, темір қалдықтары (ерітінділері) жиі кездеседі . Мұндай сулар көбіне жай қара темір құбырларымен тұтынушыларға жеткізіліп отыр. Хлор, темір ерітінділері кездесетін суды ішуімізден денсаулығымыз ауруға шалдығып әлсірейді, тіпті, бүйректе тастың жиналуы да осының салдарынан болса керек.