Құрметті оқырмандар Stan.kz ақпараттық агенттігінің   2019 жылдың ақпан айына арналған жұлдыз жорамалын ұсынамыз.

Зодиак белгілерінің көпшілігі үшін жылдың екінші айы түсінбестік аясында, оқиғалардың былықпа болуымен өтеді. 2019 жылдың ақпан айына арналған жұлдызнама жұлдыз белгілерінің барлығы үшін өмірдің түрлі салаларына қатысты көптеген күтпеген құбылыстар дайындап қойды. Біреуінің махаббатта жолы болса, басқалары ақшасыз қалады, ал тағы біреулері мансаптық серпіліс жасауы немесе өз бизнесін басқаруы мүмкін. Сондай-ақ өз жобаларын уақытында іске асыра алмайтындар да болады. Сондықтан, сынық кіршінің жанында отырып қалмау үшін астрологтардың болжамына бір уақыт қарап тұру керек.

Тоқты

Жалғызбасты және отбасылы тоқтылар эмоционалдық салаға назар аударуы керек. Бұл айда тоқтыларға сүйіспеншілік пен отбасы өмірінің ең маңызды саласы болады. Басы бос тоқтыларды жаңа махаббат хикаясы күтіп тұр. Бірақ егер олар жұмыстан бас алмай кетсе, сол сәтті жіберіп алуы мүмкін. Өйткені, сізге көңілін білдіріп жүрген кезекті адам шынайы қарым-қатынастың мүмкіндігі.

Ал, отбасылы тоқтылар жақын туыстарының мәселелерін шешетін болады. Жағдай сәттілікпен аяқталған кезде серіктестерінің әрекеттеріне қуанып, жылулық пен үйлесімділікті сезінеді. Бірақ, бұл оларды аурудан құтқара алмауы мүмкін. Сондықтан, бұл белгінің барлық өкілдері ақпан айында тамақ пен ішек ауруларынан сақтануы керек.

Торпақ

Дәл осы белгінің адамдары жұлдыздармен нағыз шайқас өткізетін болады. Өмірдің барлық салаларында жағымсыз әсерлер болуы мүмкін. Сондықтан мәселелерді шиеленіссіз және қиындықсыз шешуге тырысу керексіз. Сонда денсаулыққа байланысты қиындықтарды болдырмауға болады. Әйтпесе, сізге вегетативтік — тамыр дистониясын еңсеріп, жүйке бұзылысының салдарын бейтараптандыруыңызға тура келеді.

Ал махаббат мәселесінде жалғызбасты және отбасылы торпақтар тапқырлық көрсетуі керек. Біріншіден, махаббатыңызды бағындыру үшін, екіншіден оны ұстап қалу үшін. Жұмыс саласында сәттілікке кезігесіз. Бұл белгінің өкілдеріне табысты келісімшарттарды орындау немесе дәреженің көтерілуіне белсенді түрде қол жеткізу ғана қалды.

Егіздер

Бұл белгінің өкілдері осы ай бойы өмірін тыныштықта, асықпаушылықта өткізетін болады. Ақпан айының соңына қарай динамикалық оқиғалар орын алуы мүмкін. Олар отбасымен байланысты болады. Егіздер туыстарымен кездесіп, екінші жартысын кездестіреді немесе үйлену тойы болады. Ал отбасылы егіздерді жүктіліктің басталуы немесе балалы болу күтіп тұр.

Бірақ, бұл айда егіздер демалып, көңіл көтергісі келеді. Өмір ондай мүмкіндіктерді де береді, бірақ бірнеше ескертулермен. Ақпан айында бұл белгі өкілдеріне ықылас білдірушілер көп болады. Дегенмен, байланыстарда айқын болуыңыз керек. Себебі, сәтсіз махаббат денсаулығыңызға әсер етіп, моральдық құлазушылық тудыруы мүмкін.

Шаян

Ақпан айында бәрінен де шаяндардың жолы болады. Шамалы сырқаттар болып қалмаса, шаяндарды барлық жағдайда сәттілік жетелеп жүрмекші. Сонымен қатар, егер олар тырысатын болса, денсаулыққа қатысты қиындықтардың да алдын ала алады. Бұл үшін тек көбірек қимылдап, алкоголь, майлы тағамдар мен кешкі асты ішуден бас тартуыңыз керек. Ал махаббатта және жұмыс пен табыста шаяндардың жолы болады. Оның үстіне, барлық 3 сала бір-біріне тығыз байланысты.

Отбасылы шаяндар сүйікті адамдарымен жақсы тіл табысып, рахат өмір сүріп жүргенінің арқасында жұмысында ашыла бастайды. Ал бойдақ шаяндар жұмысында махаббат хикаясы басталуы немесе ұқсас саладағы адаммен жаңа қарым-қатынас орната бастауы мүмкін. Осындай, жеке бақыт еңбек өнімділігіне әсер етеді және билік тарапынан марапат түрінде бағаланады.

Арыстан

Ақпан айынын жұлдызнамасы арыстандарға қызықты оқиғаға толы, жарқын өмірге уәде етеді. Дегенмен, барлық оқиғалар жағымды бола бермейді. Бұл белгінің өкілдерінде достарымен қаржылық қиындықтарға байланысты шиеленіс болуы мүмкін. Материалдық қиындықтар уақытша болады. Себебі, арыстандар бірқатар достары мен туыстарының қолдауына сенім артып, мәселесін шеше алады.

Тағы бір жағымсыз тосын сый – жақын сөйлесіп жүрген адамыңызбен қарым-қатынастың үзілуі болуы мүмкін. Мұндай жағдай орын алса, тым көп қайғырудың қажеті жоқ. Өйткені, көп ұзамай басқа да ықылас білдірушілер де пайда болуы болуы мүмкін. Тек жеке эмоционалдылығыңызды азайту маңызды, әйтпесе арыстандар махаббат пен қаржы салаларындағы толқулардың салдарынан жүрек-қан тамырларының бұзылуларына және мазаны қашыратын бас ауруларына тап болуы мүмкін.

Бикеш

Бикештер айдың басын қаржылық жетіспеушіліктен бастайды. Бұл жағдай ұзаққа созылмайды, бірақ ақша алғаннан кейін де бикештерге шығынға барынша мұқият болу керек. Себебі, ұсақ-түйекке көп ақша кетіп қалуы мүмкін, бірақ кейінірек одан да маңызды шығындарға себеп болады.

Қазір бикештерге өзгеретін уақыт келді. Бұл жұмыс пен жеке өміріңізге әсер етеді. Бірінші жағдайда көп жұмыс немесе қызмет түрінде өзгеріс орын алуы мүмкін. Ал махаббат мәселесінде эмоцияның күшеюі, келеші бар жаңа таныстық немесе серіктестің өзгеруі күтіледі.

Таразы

Сәттілік сыйлаған қаңтар айынан кейін таразылар ақпанда бірқатар қиындықтарды бастан кешіреді. Олар материалдық салаға да, махаббат мәселесіне де әсер етеді. Өкінішке орай, бойдақ таразылар бұл айда да екінші жартысын кездестірмеуі мүмкін. Ал, қарым-қатынастағы адамдар өздерінің серіктесімен ренжісіп, араларында түсініспеушілік туындауы мүмкін. Сондықтан жақын адамыңызбен қарым-қатынасыңызды қайта жақсартуға тырысуыңыз керек.

Қаржы саласында да қиындарға кезігуіңіз мүмкін. Бұл айда жақсы табыс табамын деп сене бермеңіз. Әсіресе бизнес бастаған болсаңыз. Бастаған іс сіз күткендей табысты болмай қалауы ықтимал. Әйтсе де, жақын адамдарыңыздың бірі жұмысқа араласқаннан кейін кәсібіңіз алға жүреді. Қазір таразыларға тыныштық қажет, әйтпесе жүйке жүйесі төтеп бере алмайды.

Саршаян

Саршаяндар үшін жұлдыздар бәрі жақсы болады деп уәде бермейді. Бұл мерзім махаббат мәселесінде де, бизнесте және қиындықтарға байланысты да қиын болады. Әйтеуір денсаулық мәселесінде жолыңыз болды. Уақтылы алдын ала ем қабылдау суық тиюден және басқа аурулардан құтқаруы мүмкін.

Махаббат пен жұмыс бір-бірімен тығыз байланысты болады. Жұмысқа қатысты туындаған қиындықтардан туыстарымен қарым-қатынаста түсінбеушілік орын алуы мүмкін. Ал бұл өз кезегінде жұмыста қателіктерге әкелуі мүмкін. Сізде қиындықтар туындаса әсіресе көре алмайтын адамдар қуанатын болады, бірақ егер саршаяндар күш салса, олар қиындықтарды еңсере алады.

Мерген

Ақпан айында бұл белгі өкілдері табысты қызметкерлер мен бақытты адамдар санатында жүретін болады. Мергендердің махаббатта да, жұмыста да және қаржы мәселесінде де жолы болады. Бірақ, сол уақытта қамқорлық пен қосымша жауапкершілік те иығыңызға жүктеледі.

Осымен бірге жаңа мүмкіндіктер пайда болады. Ақпан айында көшу, ыстық махаббат, жұмысты ауыстыру секілді оқығалар орын алуы ықтимал. Бірақ, денсаулыққа қатысты бәрі жақсы болмайды. Бұл белгінің өкілдері қазір өз әл-ауқатына өзі қамқорлық көрсетуі керек. Бұл кезеңде аурудың басталуын жіберіп алмай, алдын ала ем қабылдау қажет. Сондай-ақ қатты шаршап тұрсаңыз жұмысты қоя тұрыңыз. Денсаулық бірінші орында екенін ұмытпаңыз! Себебі, бұл ұсыныстарды елемеу емханадан бір-ақ шығаруы мүмкін.

Тауешкі

Бұл белгінің өкілдері айды жақсы рухпен бастауы керек, ақпан айының жұлдыз жорамалы күш-жігерді талап ететін жұмыста үлкен жетістер болады деп уәде етеді. Тауешкілер жоғары лауазымға немесе жаңа жұмыс орынына ие болады. Бұл көп уақыт пен күш жұмсауды қажет етеді, бірақ кейінірек ол жоғары табысқа әкеледі.

Жұмыс жүктемесімен қатар, шаршаңдық та артады және тамақтану тәртібі мүлдем бұзылады. Сондықтан, денсаулыққа қатысты мәселелерді болдырмау үшін бәрін бақылауға алу қажет. Бұдан басқа, айналаңызды қоршаған адамдар да шаршататын болады, жақындарыңызға сіздің назарыңыз жетіспеуі мүмкін. Бірақ айдың соңында бәрі қалыпты жағдайға оралады.

Суқұйғыш

Бұл белгінің өкілдері ақпан айында жақсы табысқа жетуі екіталай. Бірақ олар тырысып көрсе біраз шыңдарды бағындырады. Біреу тіпті қаржы тұрғысынан үлкен қуанышқа кенеледі. Кірістер күтпеген сыйақылар немесе жалақының өсуі нәтижесінде пайда болады. Сондай-ақ, қаржы ағыны жұмысты ауыстыруыңызға байланысты да артуы мүмкін.

Бұл айда суқұйғыштарда махаббат мәселесінде бәрі тыныш болмақ. Отбасылық қарым-қатынаста да құмарлық күтудің қажеті жоқ, ал жалғыз басты суқұйғыштар ештеңеге сенім артпаса да болады. Дұрысы, кезекті демалысты демалуға өткізген жөн. Демалыс отбасылы суқұйғыштарға эмоциялардың қайта жануына мүмкіндік берсе, ал жалғызбастыларға бәрін тартымдылығымен өзіне қаратуға күш береді.

Балықтар

Ақпан айында бұл белгінің өкілдері өз денсаулығын мұқият бақылауы керек. Тамақтану және созылмалы аурулардың салдарынан денсаулығыңызда қиындықтар туындауы мүмкін. Бұл айда бұрынғы аурулардың асқынып кетуіне жол бермей, қатаң диета мен салмақ тастау туралы ойдан бас тарту маңызды.

Назар аударатын тағы бір фактор жұмыс және қаржы саласы болады. Балықтар барлық қамқорлықты өзіне жүктемеуі керек. Жалпы бюджетті толтыруға жақын адамдардың да ат салысатын уақыты келді. Ал бұл белгінің жалғызбасты өкілдері ақпан айында демалуы қажет, өйткені олар өз махаббатын дәл демалыс кезінде кездестіріп қалуы мүмкін.