Көпшілік адамдар «SILICA» дейтін жазуы бар кішкентай қалташаларды (көпшілігінде жаңа аяқ киім қораптарында кездесіп жатады) қажетсіз деп лақтырып тастайды. Алайда ол күнделікті өмірде өте қажет заттардың бірі болып есептеледі. Сіздерге силикагелдердің біз біле бермейтін қасиеттері және оны қалай дұрыс пайдалану қажеттіліктерін айтпақпыз.

1. Спорттық сөмкедегі жағымсыз иіс 
Денеңізді қыздырып келген кезде терге малынған киіміңізді сөмкеге сала салатыныңыз анық. Кейін сөмкеден кетпейтін жағымсыз иіс пайда болады. Сөмкеңізден шығатын жағымсыз иістерді силикагельдер өте жақсы кетіреді.

2. Терезенің булануы 
Автокөліктің құралдар панелінде селикат қаншалықты көп болса, машина терезесінің булануы соншалықты бәсең болады.

3. Буланып қалған фотоапарат линзасы

Фотоаппаратыңыздың линзасы буланған кезде сізге силикагель қалтасшасы керек болады. Аталған затты фотоаппараттың қалташасына салып жүру керек.

4. Өткір сақал қырғыш 
Сатып алған сақал қырғышыңыздың алмасы тозып, уақытынан бұрын істен шығып қалуы мүмкін. Бұл жағдайда да алмасты силикагельмен бірге сақтасаңыз ол ұзақ уақытқа дейін өткірлігін сақтап қалады.

5. Өсімдіктер үшін пайдасы 
Үйдегі өсімдік тұқымдастарын пакеттермен бірге сақтаңыз. Міндетті түрде оның қасына бірнеше силикагель пакеттерін қойып қойыңыз, сол кезде қыс бойы сіздің өсіндіңіз солмайтын болады.

6. Күмістің тазалығы 
Асханада таза күмістен жасалған қасықтардың бойы ластанып қалмасын десеңіз, басқа металдармен түсі ауыспасын десеңіз тағы да осы қалташаны пайдаланып көріңіз. Оны қасықтар тұратын тартпаға салып қойған жөн.

7.Дымқыл иіс тартқан киімдер. 
Киімдеріңіз чемоданда ұзақ жатып, дымқыл тартып, иістене бастаған болса силикагельдің бірнеше қалташасын біраз уақытқа чемоданға киімдермен бірге салып қойыңыз.

8. Суреттерде қорапта сақтау

Өткен күннен қалған естелік суреттеріңіз ұзағынан сақталып тұрсын десеңіз, тағыда силикагель қалташасын суреттермен бірге қорапқа салып қойыңыз.

9. Суретті қатырмаларын сақтау. 
Үйіңізде бояуы қанық қатты қағазға немесе сусылдап тұратын материалға жазылған жазу-сурет болса оны қыс кезінде, жалпы дымқыл жағдайда абайлап ұстау керек, бүлініп қалуы әбден мүмкін. Ал, силикагель қалташасын осы суреттермен бірге қойсаңыз, бүлінудің алдын алады.

10. Суға түсіп кеткен телефон үшін 
Силикагель суға түсіп кеткен ұялы телефоныңыздың суын бір түннің ішінде сорып алады. Ол үшін, ұялы телефоныңызды өзіңіз білетін әдіспен шашып тастап, телефонды силикагельге 12 сағаттай бірге қойып қойсаңыз жетеді.

Күнделікті өмірде қажетті, бірақ біз біле бермейтін силикагелдердің 10 пайдалы қасиеттері осы.