Атақты актриса Сальма Хайек - еліктеуге болатын жандардың бірі.Стильді сұлуың 53-те және ол өте керемет көрінеді.Оның үстіне пластикалық отаға мүлдем бармаған.Сонымен бұл испандық арудың сұлулығының құпиясы неде екен?
1.Сұлулық бірінші орында емес
Актриса үшін келбетінің сұлулығы бірінші орында емес екен.Ол ішімдікті де ішеді,тәтті тоқаштардан да бас тартпайды және спортпен шұғылдануға ерінеді екен.Шындығында Сельма қартаюдан қорықпайды,себебі ол тек өлімді жақындатады деп санайды.
2.Барлық әйелге арналған басты ереже
Өзіңіздің артықшылығыңыз бен кемшілігіңізді анықтап,сонымен жұмыс жасаңыз.Ол ішкі жан-дүниеге де,сырт келбетке де қатысты.Барлық нәрсеге күле қарау қажет, бастысы, өзіңізді жақсы көрініңіз.
3.Ерекшелік - әйелдегі басты нәрсе
Сальма адамдардың бойындағы ерекшеліктерін қатты бағалайды.Күйеуі өзінің алай-дүлей мінезі үшін ұнатқан екен.
4.Келісімнің маңыздылығы
Жұмыс пен отбасын шатастырып алмай,екеуін бірге алып жүру қажет.Олай жасамаса жеке бастың бақытына қол жеткізу мүмкін емес.
5.Киімге деген көзқарас
Сән қуып кетудің қажеті жоқ.Дегенмен одан алыстап та кетпеңіз.Киім алдымен өзіңізге жайлы,қолайлы болып,тартымдылығыңызды айшықтауы қажет.