Қазіргі таңда көптеген зерттеуші-дәрігерлер ананастың құрамындағы ферменттердің көмегімен рак ауруларын (қатерлі ісік аурулары) емдеу ісінің тиімділігін арттыру мақсатында жұмыстар жүргізуде. Олардың айтуынша, аталған жемісті тұрақты түрде жеу арқылы онкологиялық кеселдерді алдын алуға болады.
Ананас қан қысымын төмендетуге және қан тамырларының қызметін жақсартуға қызмет етеді. Тропикалық осынау жеміс көптеген аурулардың алдын алуға тигізер көмегі де аз емес. Ананастың құрамында 10-ға жуық пайдалы дәрумен бар. Олар: тиамин, рибофлавин, B6 дәрумені, фолий қышқылы, пантотен қышқылы, магний, марганец, калий, аскорбин қышқылы, каротиноидтар.
Естеріңізге салайық, адамның жасы келген сайын ағзада В дәрумені азайып, магний мөлшері төмендей береді. Оның соңы түрлі ауруларға әкеліп соғуы мүмкін. Сол үшін мамандар күнделікті тамақ ракционына ананастың бір тілімін жеуге кеңес береді. Ол ағзаға күш беріп, жүрек ауруының алдын алуға, ми мен буын ауруларына қарсы күресуге таптырмайтын жеміс.
Ананастың құрамындағы С дәрумені ағзаға күш беріп иммунитеті көтереді. Құрамында кездесетін бромелайн ішек жолы қызметінің бұзылуын емдейді.
Ананас құрамындағы бета-каротин тыныс жолдарының созылмалы асқынған дертіне қарсы күресе алады. Бала көтере алмай жүрген қыз-келіншектерге күнделікті ананас жеу пайдалы. Себебі, ананастың құрамында С дәрумен, бета-каротин, цинк, мыс және фолий қышқылы көптеп кезедеседі. Ертеде ананасты ота жасалған соң пайда болатын ісікке қарсы қолданған екен. Cонымен қатар, бұл жемістің түрлі жараларға және сүйек сынғанда, сіңір тартылғанда пайдасы көп.
Дереккөз : Baq.kz