Вакцинаның қай түрі тиімді? Мұны анықтау үшін еліміздегі зертханалардың бірі арнайы талдау жасаған. Екпеден соң ағзада антидене бар-жоғын анықтайтын зерттеуге елорданың 962 тұрғыны қатысыпты.
Қорытындыға сәйкес, біздің елге әлі жетпеген Pfizer мен AstraZeneca екпелерін алған азаматтардың барлығында поствакциналық антидене түзілген.
Айта кету керек, зерттеуге Pfizer салдырған 9 және AstraZeneca алған бар-жоғы 3 адам қатысқан. Олар шетел азаматтары мен шетелдік компанияда жұмыс істейтіндер екен.
Ал, Ресейдің Спутник V вакцинасын алған 866 адамның 97 пайызында коронавирусқа қарсы антидене бар болып шықты.
CoronaVac алғандардың 92 пайызында, Hayat-Vax салдырғандардың 90 пайызында коронавирусқа қарсы иммунитет қалыптасыпты.
Отандық QazVac вакцинасымен егілгендердің 79%-нда ғана қауіпті індеттен қорғай алатын антидене бар екен.
Асылжан Ареков, зертханалар желісінің бас медициналық өкілі: - Бұл зерттеуге адамдарды біз ерікті түрде алдық. Вакцина алған әрбір адам, вакцинаның екі этапын, біздің кабинетке келіп, сауалнама толтырады. Ол сауалнамада паспорттық бөлім толтырылады және қандай вакцинаын алғаны толтырылады. Сол адамдарды алып, статистикалық мәліметтерді алып, біз осындай тұжырым шығарып отырмыз.
Дереккөз : ktk.kz