1. Тыныштық
Сіз үнемі бірнәрсе жасап жүресіз, бір тірлікті бітіріп тастасаңыз бірден келесі іске көшесіз. Бір орында ештеңе істемей отыра беру — сіз үшін мүмкін емес дүние. Оның себебі сіз өз қалауларыңызды басқалардың қажеттіліктерінен төмен қоясыз. Сізге «жоқ» деп айтып үйрену қажет, себебі сіз бір күн болмасын бір күні одан шаршайсыз, оның арты стресске алып келуі мүмкін, нәтижесінде денсаулығыңыз да сыр беруі мүмкін.
2. Жеңілдену
Сіз бұрындары көп психологиялық травма алғансыз, адамдардан жиі көңіліңіз қалған және соны әлі де жібере алмайсыз. Қайта-қайта сол моменттерді миыңызда айналдырып басқаша жасау керек едм деп ойлай бересіз. Мұндай қарым-қатынасқа лайықты болғаным ба сонда, деп те өзіңізді жазғырасыз. Алайда ол ойлардан арылсаңыз, (әрине арылу оңай болмайды) ары қарай қадам жасау оңай болады.
3. Релаксация
Сіз үнемі жұмыс жасап отырасыз. Тіпті ұйықтағанда да, ояу жүргенде де сіздің миыңыз мүлде демалмайды. Демалуға отыра қалсаңыз, іштей өзіңізді ыңғайсыз сезініп, қайта жұмыс жасап кетесіз. Сіз өз дегеніне жетпей қоймайтын адамсыз. Әрине, ол жаман емес, бірақ уақытымен демалып тұру да абзал. Себебі, демалыссыз ағза өте шаршайды, денсаулығыңыз да сыр беруі мүмкін.
4. Сенімділік
Сіз өзіңіз туралы өте аз ойлайсыз. Басқалармен барынша сыпайы болуға тырысасыз. Сіз сын қабылдай алмайсыз. Бірнәрсе қолыңыздан келмесе, оны мүлдем жасамайсыз. Оны үйреніп көруден қашасыз, қорқасыз, себебі, нәтижесінде сын естіп қаламын ба деп. Бірақ ол сіздің дамуыңызға кедергі болуы мүмкін, сол себепті қорықпай жасап көріңіз, адамдар қателік жасайды. Ешбір адам мінсіз өмір сүрмейді, соны естен шығармаңыз.
5. Рухани қолдау
Достарыңыз, туыстарыңыз, жалпы жақындарыңыз сізге өз мәселелерімен келіп, налып отырса, сіз сағаттап тыңдай бере аласыз. Керек кезінде кеңес те, жылы сөзіңіз де дайын тұрады. Сізді барлығы ешқандай проблемасы жоқ, көңілі тоқ, көйлегі көк адам ретінде таниды, себебі сіз ешкімге өзіңіздің проблемаларыңызды айтпайсыз. Бірақ кейде сізге де өзіңіз секілді адам қажет болып тұрады.
6. Көтермелеу
Сіз басқаларға үнемі қалағандарын бересіз, алып бересіз. Жақындарыңыз, туыстарыңыз үшін, оларды қуанту үшін барлығын жасауға дайынсыз. Алайда өзіңізге келгенде олай шашыла алмайсыз. Өзіңізге аяйсыз. Мүмкін мұның түбінде өзіңіздің құндылығыңызды білмеу мен қорқыныштар жатуы мүмкін. Соны ойлап көріңіз.
7. Позитивті көзқарас
Сіздің әрбір күніңіз бір-біріне ұқсас және сіз одан шаршадыңыз. Өміріңіздің әсемдігі мен қызығы кеткендей сезімдесіз. Содан да ештеңеге зауқыңыз жоқ. Ешбір ісіңіз соңына дейін жетпейді. Ол сіздің дамуыңызға қатты кедергі келтіруде. Алдымен оңай орындалатын мақсаттар қойып, соларға жетіңіз. Жайлап қиындата бересіз, әр жеткен мақсатыңыз үшін өзіңізді мақтауды ұмытпаңыз. Арасында өзіңізге демалыс жариялап тұрғаныңыз жөн!