Егер макияжыңыздың жақсы шыққанын және теріңіздің сау болғанын қаласаңыз, оның алдында не істеуге болмайтынын білу маңызды.
1. Теріні ылғалдандырмау
Макияж жақсы болып шығу үшін бет терісіне күтім дұрыс жасалуы керек. Макияж жақпас бұрын теріні оған дайындап алу маңызды. Бетке арналған кремдеріңіздің компоненттері мен текстурасы тері типіңізге сай болуы тиіс. Олардың құрамында гиалурон қышқылы, окклюзивті (мысалы, ши майы) және құнарлы компоненттер болуы керек. Теріге жеңіл эссенция немесе сарысу жағыңыз, содан соң оның үстін креммен жабыңыз. Кремнің сіңуіне уақыт беріңіз. Егер күннен қорғайтын бөлек құрал қолдансаңыз, тоналды крем жақпас бұрын 10 минут күтіңіз. Сол кезде BB-крем немесе тоналды крем тегіс әрі сапалы жағылады.
2. Макияж құралдарын аларда олардың текстураларының үйлесімділігін ескермеу
Көптеген косметикалық өнімдер судан, майдан және эмульгатордан тұратын эмульсиялар (ұсақ тамшы түрінде болатын сұйықтық). Эмульсиялар тура және кері деп бөлінеді.
Тура эмульсиялар «судың ішіндегі май» (судың ішіндегі ұсақ май тамшылары) принципімен жасалған: бұларға күтім кремдері, су негізінде жасалған тоналды құралдар, кірпікке арналған тушь жатады. Яғни, стақанға салып, сумен араластырғанда еритін және оны түске бояйтын заттарды айтады.
Ал кері эмульсиялар «май ішіндегі су» принципі бойынша жасалады. Оларға төзімді тоналды кремдер, консилерлер, суға төзімді тушьтар жатады. Оларды суы бар стақанға салсаңыз, ерімейді.
Тура эмульсиялар жақсы ылғалдандырғанмен, суда оңай еритіндіктен, олардың төзімділігіне және басқа текстуралармен араласу және қабаттану мүмкіндігіне жағымсыз әсерін береді. Ал кері эмульсиялар өзара бір-бірімен және құрамында суы жоқ өнімдермен де (макияж астына арналған база, кей тоналды кремдер) үйлесе береді.
Тері үстіне «тіркеу» деңгейі құрамында кері эмульсиясы бар өнімдерде жақсы болып келеді. Мүмкін, кейде текстуралардың бір-бірімен «достаспайтын» әсерін байқайтын шығарсыз: ылғалдандырушы базадан соң тоналды кремнің сырғуы немесе тоналды құрал төзімділігінің төмендеуі.
3. Макияж алдында агрессивті тазартқыш құралдар қолдану
Макияж алдында пилинг жасау гидролипидті ішкі қабаттың бұзылуына, терінің аса сезімтал болуына және қызаруға әкелуі мүмкін. Нәтижесінде тері жоғары белсенділікпен қорғану керек болады да, майбездер белсендірек жұмыс істеп, бет терісіне бөртпе немесе басқа да жағымсыздықтар түрінде шығады. Макияж алдында мата маска қолданған пайдалы.
Ақпарат дереккөзі: massaget.kz