Сериал көріп отырып та орындай аласыз.Жас ұлғайған сайын тек дене емес, бет бұлшықеттері де салбырай бастайды. Төмен түскен бұлшықеттер салдарынан ауыз айналасында терең әжім пайда болады.
Бұлшықеттің формасын жоғалтуынан пайда болған әжім іздері бұлшықетті шынықтырған соң жоғалады. Демек, бет бұлшықетін шынықтыру қажет. Бұл орайда қасықпен жасалатын бетке арналған гимнастика көп. Бет терісіне май жағып, қасықпен массаждауды бәрі білсе керек.
Алайда айнаға қарап, жаттығу жасап отыруға көп әйел уақыт арнай алмайды. Осындай уақыты жоқ оқырман қасықты ерінмен «тістеп» отырса жеткілікті.
Иә, массаж жасамайсыз, бетіңізге май да жақпайсыз, жай ғана қасықты ауызға салып отырасыз, болды. Бірақ нәтижесі көп ұзамай-ақ қуантады.
Бұл бет бұлшықетінің, күйін жақсартатын, терісін жасартатын, әжімге қарсы ең жақсы гимнастика. Орындау техникасы
1. Ас қасықтың сабын жақсылап жуып тазалаңыз.
2. Басты, мойынды тік ұстаңыз.
3. Қасық сабының ұшын ерінмен «тістеңіз». Қасықты тіске тигізбеңіз. Тіс жаттығуға қатыспауы керек.
4. Қасықты ерінмен ұстап тұрып, жымиыңыз.
Қасық төмен қарай салбырамай түзу, яғни еденмен параллель тұруы керек. Немесе оны ерінмен жоғары көтеріп ұстасаңыз да болады.
5. Осы қалыпта 30 секунд тұрыңыз.
Пайдасы - Шайнау бұлшықеттері шынығады;
- Ауыз бен ерін айналасындағы әжімдер тегістеледі;
- Мойын терісін тартады; - Мимикалық әжімдер жойылады;
- Екінші иек кетеді;
- Қанайналым жақсарып, соның салдарынан тері түсі өзгереді;
Жаттығуды күніне екі рет орындаған жөн. Таңертең және кешке өзіңізге ыңғайлы уақытта орындаңыз. Егер күнде екі мезгіл 30 секунд бойы ерінмен қасықты «тістеу» жаттығуын жасасаңыз, өзгерісті бір айдан соң байқай бастайсыз.
Егер алты ай бойы үзбей орындайтайтын болсаңыз, қартаюға қарсы крем сатып алуды доғарасыз. Егер нәтижені жылдамдатқыңыз келсе, қасықты ауызда 30 секунд ұстаумен бірге 10 рет жоғары-төмен қимылдатуды қосыңыз. Ескерту: Қасықтың ұшын ғана ерінмен мықтап ұстау керек, сонда нәтиже жылдам болады.
Дереккөз: fb.ru Ж. Нұрабайқызы, ERNUR.KZ