Егер жүрегіңіз қағып, кенеттен асқазаныңыз ауырып кетсе, бойыңызды әлсіздік билеп, басыңыз айналса, өз-өзіңізді қолға алыңыз. Шаш өру, тақпақты дауыстап оқу, баспалдақты санау секілді оңай әрекеттер ағзаңызды қалпына келтіреді.
Тыныс алу мүшелерін пайдаланыңыз. Ағзаңыз сізге қажетті ырғақпен қызмет істей алуы үшін терең тыныстаңыз. Ұйқыдан тұрған соң және жатар алдында бар деміңізді ішіңізге тартып, қайта шығарыңыз.
Таза ауамен демалыңыз. Таза ауа қан айналым жүйесін жақсартып, бойыңызға сергектік сезімін сыйлайды. Әсіресе күні бойы компьютерде отырып жұмыс істейтін жандар таза ауада көбірек жаяу жүруі керек.
Спортпен шұғылданыңыз. Мысалы, бассейн денсаулығыңызға үлкен көмек береді. Не нәрсені уайымдап жүрсіз? Миыңыздан шықпай, жаныңызды жегідей жеп жүрген мәселені біржола шешіп тастауға тырысыңыз.
Егер біреумен ренжіссеңіз, татуласыңыз. Осылайша сіз денсаулығыңызды сақтайсыз.