Интернет арқылы үйден шықпай ақша табу бүгін күннің басты жаңалығы. Екі қолдың күшімен емес, он саусақ пен ақылдың арқасында ауыр жұмысқа жегілмей мыңдаған көк қағаздың астында қалуға да болады. Бұл интернеттің жеткен жетістігі.
 
Сонымен «Youtube» сөзі бәріңізге белгілі. Бұл бүкіл әлдемдегі видеоларды бір жерге тоғыстырып отырған арна. Бұл жерде сіз бәрін таба аласыз. Сол секілді ақпарат көзін ғана емес ақша табуға да болады. Қалай? 
 
Қазір әлемде «Youtube» арқылы ақша тауып отырған жас жеткіншектер көп. Тіпті алды айына 50-100 мың долларға дейін табады. Біздің де сол қатардан көрінуге мүмкіндігіміз бар. Ол үшін мына қағидаларды ескеріңіз. 
 
1. Ең бірініші өзіңіздің ролигіңізді түсіріңіз
 
Өзіңіз түсіретін ролик қызықты әрі тартымды болу керек. Бұл ең алдымен ескеретін дүниеңіз болсын. Қара басыңыздың қамын емес, ел нені қалайды, елге не қызық дейтін дүниені естен шығармаңыз. Бәріне ортақ әрі қызықты, танымдық әлде күлкілі, тәуекелге баратын видеолар өтімді келеді. 
 
2. Ол үшін тіркелу керек
 
Бірінші заңдылықты біткен соң «Youtube»-ке тіркеліңіз. Тіркеу жұмысы сәтті аяқталған соң қызықты видеоңызды жүктеңіз. Бір-екі минут ішінде сіздің видеоңыз әлемге таралатын болады. 
 
3. «Youtube» арқылы ақша табуды үйренеміз
 
Google Adsense – бұл сізге көмекке келетін жарнамалық кезең. Видеоңыз танымалдыққа ие болу үшін жарнама керек. Ал ол жарнаманы сіз Google-дің біз айтып отырған Google Adsense парақшасы арқылы жүзеге асыра аласыз. Ал бұл сөзді бірінші рет естіп тұрған болсаңыз Google-дің басты бетіне өтіп жалпы ережемен танысып алғаныңыз дұрыс. Әрине еңбектену керек. Кейін барып жеңіске жетесіз. 
 
Аталған үш қағиданы дұрыс жүргізіп отырсаңыз сіз үйде отырып еңбектеніп еңбектің жемісін көре алатын боласыз. Еш қиындығы жоқ, бірақ сабыр сақтап әрбір қадамды дұрыс бассаңыз сіздің қолыңыздан көп нәрсе келеді. 
 
Іске сәт!
 
М. Ақан
 
Ақпарат дереккөзі: massaget.kz