Енді заң бұзушылықтар мен жалған тексеру белгелерін анықтаған техникалық байқаудың диагностикалық карталары жойылады, - деп хабарлайды el24.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Диагностикалық картаның күшін жоюды «Міндетті техникалық қарап-тексеру» бірыңғай ақпараттық жүйесінің Операторы және жұмыс тобы жүйеге келіп түсетін деректердің мониторингі кезінде жүзеге асырады. Аталмыш өзгерістер көлік құралын міндетті техникалық байқаудан өткізуді ұйымдастыру және өткізу қағидаларына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты орын алды.
Диагностикалық карта – техникалық байқаудан өткенін растайтын құжат, онсыз автомобиль елде жүре алмайды. Картаны міндетті техникалық байқаудан өту ережелеріне сәйкес техникалық байқау орталыөқтары (операторлар) береді.
«Жыл сайын біз жалған техникалық байқаудан анықталған операторлардың жұмысын тоқтатамыз. Тек 2021 жылдың өзінде 249 орталық иесінің жүйеге қол жеткізу тоқттылды, ал 2022 жылы бұл көрсеткіш 168-ге дейін төмендеді. Техникалық байқаудан өту ережелерін бұзған жағдайда тексеру орталықтарының иелері ғана емес, сонымен қатар көлік иесінің өзі де жауапты. Біз жалған техникалық байқаудан өтуді ұсынбаймыз, себебі қазір техникалық байқау станциясында жұмыс істеуге рұқсаттың күші жойылып қана қоймай, сол ұйым берген барлық тексеру деректері де жойылады,- деп атап өтті «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Басқарма Төрағасы Ростислав Коняшкин.
Айта кету керек, техникалық байқаудан өту ережелеріне сәйкес, жаңа автокөліктердің иелері 7 жыл бойы техникалық байқаудан өтпейді, қалғандарды көлікті келесі кезеңділікпен техникалық байқау орталықтарында тексеруге міндетті:
1) әрбір 12 ай сайын – шығарылған жылын қоса алғанда, жасы 7 жылдан асатын, автомобиль көлігі саласындағы кәсіпкерлік қызметте пайдаланылмайтын M1 санаттары, N1-3, O1-4, L1-7, сондай-ақ қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған және жабдықталғандарды қоспағанда, арнайы және мамандандырылған көлік құралдары;
2) әрбір 6 ай сайын-автомобиль көлігі саласында кәсіпкерлік қызметте пайдаланылатын M1 санаттары, М2, М3, N, адамдарды тасымалдау үшін жабдықталған, сондай-ақ қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған және жабдықталған M1, N1-3, және O1-4 санаттары.
Техникалық байқаудан өтпегені үшін әкімшілік айыппұл - 5 АЕК (2023 жылы 17 250 теңге).
Айта кетейік, Үкіметтің қаулысымен «Міндетті техникалық қарап-тексеру» бірыңғай ақпараттық жүйесі ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің тізбесіне енгізілген.