Іштегі май - көпшілік әйелдің проблемасы. Тіпті, кей арық қыздардың ішіне май жиналады. Терапевт Ольга Чиркова News.ru-ге іштегі майды кетіру үшін не істеу керегін айтты.
 
Дәрігердің айтуынша, тек ішке арналған жаттығулар жасау арқылы іштегі майдан арылу мүмкін емес. Ол артық салмақпен күресу үшін барлық бұлшықеттер тобын жаттықтыру, зиянды тамақтан және алкогольден бас тарту керегін айтты.
 
"Мысалы, тек ішке арналған бір жаттығу арқылы іштегі майдан арылу мүмкін емес. Күштік және кардио жүктемелерді кезектестіру керек және тамақтануды бақылау керек: жылдам көмірсулар, трансмайлар, тұздалған, қақталған өнімдер және алкогольден бас тартыңыз", - дейді Ольга Чиркова.
 
Оның айтуынша, көкөністер, жемістер, ақуызды өнімдер және бұршақ дәнділерді жеткілікті мөлшерде жеп, аздап калория жетіспеушілігін жасау қажет.
 
"Ұйқы режимін реттеу керек. Сол кезде аштық гормоны - грелиннің өңдірілуі азаяды. Күйзеліс те салмақтың артуына әкеледі. Лимфадренажды массаж жасаңыз. Бұл күйзеліс деңгейін түсіреді және лимфаны тарқатады", - деді маман.
 
Ақпарат дереккөзі: Massaget.kz